Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_Narkotiki3 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_Narkotiki3 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Нашақорлық – бұл адамзат баласының денсаулығына төнген үлкен қатер. Онымен нәтижелі күрес тек мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара ынтымақтастығынан туатыны хақ.

Осы орайда, Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен қыркүйектің 21 жұлдызында  "Қарағанды жастары - есірткіге қарсы" атты акция өтті. Шараның өз деңгейінде өтуіне қолдау білдіргендердің қатарында Облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, "Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы" қоғамдық бірлестігі және Қарағанды қаласының Жастар ресурстық  орталығы болды. Акцияға Қарағанды қаласындағы бірқатар колледждер мен мектептерден жалпы саны  250-ге тарта студенттер мен оқушылар қатысты.

Акцияны бірнеше аймақтық ән байқауының жүлдегері атанған, әнші А. Ахметжанов әуелеген әнімен ашты. Кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова жиылған жастарға арналған өз сөзінде акцияның басты мақсатын түсіндіріп, оларды нашақорлыққа қарсы тұруға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Жастар тәрбиесінің маңызын толық түсіне отырып,  олардың өмірден өз орнын табуға жан-жақты жағдай жасайтын орталықтардың бірі,  Қарағанды қаласының Жастар ресурстық  орталығының басшысы Б.П. Бекмұрзаев пен "Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ү.Б. Аманбекова тек қана жастардың емес, барша адам баласын нашақорлыққа жетелейтін жолдан ада  болу қажеттілігін айтып, одан төнген үлкен қатерді айқын жеткізді.

{gallery}/material/news/2016_Narkotiki3{/gallery}

Акция барысында жиылған жастар да алаңға шақырылып, есірткі жайында өз ойларын ортаға салды. Облыстық Ішкі Істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға инспекторы, полиция майоры К.А. Корниенко өз кезегінде облыс бойынша нашақорлыққа қарсы жұмыстардың үзіліссіз жүріп жатқандығына тоқталса, кинолог мамандар иісшіл иттердің көмегімен есірткі заттарын табу амалдарын көрсетті.

Есірткінің арбауын алдын алмақ тек спорттың сүрлеуімен жүрген жандардың қолынан келеді. Қаламыздағы "Еңбек" спорт клубына қарасты "Метеора" черлидинг тобы (жетекшісі Т.А. Нечипоренко), сонымен қатар, "Киокушинкай кан Каратэ" федерациясы (жаттықтырушысы А.С. Артюшихин), Марио Брос бразилиялық джиу-джитсу мектептерінің (жаттықтырушысы М.Н. Құтжанов) шәкірттері алаңға шығып, өз өнерлерін көрсету арқылы жиналған жастардың қызығушылығын оятып, рухын көтерді. 

{gallery}/material/news/2016_Narkotiki2{/gallery}

Шара соңында кітапхананың жас қызметкерлері тақырыпқа қатысты шағын қойылым көрсетті. Қойылым аяғында олар қарағандылық жастарды нашақорлықтан ада болуға шақырып, "Есірткісіз өмірді таңдаймын" деген жазуы бар қабырға қағазына өз есімдерін қалдырып, акцияға өз үндерін қосты. Сонымен қатар, олар есірткіні пайдаланғаны, таратқаны үшін  қолданылатын жазалар мен  нашақорлықтың зияны, зардаптары жайлы "Есірткісіз ел іргесін бірге қалайық" атты кітап көрмесімен танысты. 

Сөз соңында кітапхана директоры Д.Б. Аманжолова шараға ат салысқан барша акция қатысушыларына алғысын білдірді.

Бүкіләлемдік дертке қарсы күрес арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әр тұрғыны жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылады.  "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыруда осындай шаралардың атқарар ролі жоғары.