Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_Kongres_Astana is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_Kongres_Astana is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2016 жылғы 15-16 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке" атты Кітапханашылардың Халықаралық Конгресі өтті. Конгрестің ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы (Астана қ.), ҚР Ұлттық кітапханасы (Алматы қ.) және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы болды.

Конгресс ЮНЕСКО, Халықаралық кітапханалық ассоциациялар мен мекемелер федерациясы (ИФЛА), Еуразия кітапханалары Ассамблеясы (БАЕ) қолдауымен өтті.

Өткізілген конгресте кітапхана қызметкерлерімен қатар, қоғам және саясат қайраткерлері, ғалымдар, ақындар мен жазушылар, меценаттар, мәдениеттанушылар, баспагерлер және мәдениет, білім және ғылым мекемелерінің басшылары мен жауапты үш жүзге жуық қызметкерлер бір шаңырақта бас қосты.

Конгреске Иран Ислам Республикасының мәдениетімен байланысты құжаттар мен мұрағаттар бойынша Орталық кітапхананың директоры – Атифе Нури қатысты.

Ресейдің ірі кітапханаларынан келген әріптестер Еуразия Кітапханалары Ассамблеясының бас директоры, ТМД елдері мен Ресей кітапханаларының кітапханааралық қызметі бойынша бөлім меңгерушісі, Г.А. Райкова, Ресей Ұлттық  кітапханасының бас директоры А.И. Вислый, М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеттері кітапханасының халықаралық ынтымақтастық орталығы "Рудмино Академиясының" меңгерушісі Д.А. Белякова, Б.Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасы лингвистикалық және программалық-технологиялық қамту бөлімінің басшысы Ю.Г. Селиванова, Н.И. Железнов атындағы Орталық ғылыми кітапхананың директоры Р.М.  Лизакова құттықтау сөздер жолдап, арнайы баяндамаларын ұсынды.

{gallery}/material/news/2016_Kongres_Astana{/gallery}

Ресейлік әріптестермен қатар, ТМД елдерінің өкілдері де қатысты: Конгреске М.Ф. Ахундов атындағы Әзірбайжан Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.И. Исмайлова, Грузия Ұлттық Парламенттік кітапханасының ресурстар бойынша департамент директоры Л. Тактаишвили, Молдова Ұлттық кітапханасының бас директоры Е.К. Пинтелей, Тәжікстан Ұлттық кітапханасының  директоры Н. Сайфиддин қонақ болды.

Республикамыздың Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегациялар қатысты.

Қарағанды өңірінің облыстық кітапханалары мен орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің 34 кітапхана қызметкері қатысты.

Конгрестің салтанатты ашылу рәсімі Тәуелсіздік Сарайында өтті. Фойеде Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей және Тараз кітапханашыларының бірлескен күшімен "Қазақстан кітапханаларының 25 жұлдызды шыңы" атты кітап, кітапханалық жобалар және инсталляциялар көрмесі ұйымдастырылды.

Конгрес қатысушыларына Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт  министрі А. Мұхамедиұлы алғашқы құттықтау сөзін жолдады. Ал, отырыс модераторы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы Есім Ғарифолла болды.

Түскі үзілістен соң Конгресс қатысушыларына арналған Астана қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен, "Астана опера" Мемлекеттік опера және балет театрымен танысты.

Екінші күні көптен күткен кәсіби отырыс болды. Оның барысында бес секция жұмыс жасады: "Ұлттық электронды кітапханалар және әлемдік ақпараттық кеңістік", "Библиография: жай-күйі және қазіргі даму үрдісі", "Сирек және құнды кітап қорлары тарихи жадыны сақтап қалудың негізі ретінде", "Қазіргі әлемдегі балалар әдебиеті: оқу арқылы дүниені, тіл мен мәдениетті тануға". "Қазіргі кітапханашы: кәсіптің келешегіне көзқарас".

{gallery}/material/news/2016_Kongres_Astana2{/gallery}

"Бір ел-бір кітап" акциясы. 2016 жыл кітабы – Дулат Бабатайұлының шығармалары" және "Хакім Абай даналығы" атты ашық дәрістер, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының "Біздің Абай" порталының және "Абай" ғылыми-зерттеу институты тарапынан жарық көрген кітаптардың тұсаукесері қатар өткізілді.

Конгресс қорытындысында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Облыстық кітапхана директорлары Мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлының алғыс хатына ие болды. Ал көптеген шетел қонақтары ҚР ҰАК "Кітапхана саласының үздігі" төс белгісімен марапатталды.