Қазіргі таңда шетел тілін үйрену ауадай қажет екені баршамызға айдай анық дүние. Нарықтық жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде шет тілін оқытудың маңызы зор. Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітапханадағы Жаз» акциясы аясында балалар үшін қызықты ағылшын тілін үйрену алаңы жұмыс істеуде.Жылдан жылға балалар мен ата-аналардың біздің алаңға деген қызығушылықтары артуда. Балаларға арналған бұл шара олардың осынау ақпараттық әлемде адаспай, уақыттарын үнемді және пайдалы жұмсауға бағытталған. Балалар күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді, жеке тақырыптық карточкалар бойынша мұғаліммен бірге оқып, тез арада есте сақтайды. Бастапқы деңгейдегі ағылшын тілін үйрену болғандықтан, сол деңгейге сәйкес сөйлемдер мен сөз тіркестерін құрастырады. Сонымен қатар, тілді американдық ойындар ойнау арқылы одан әрі шыңдай түседі. Балалардың сүйіп ойнайтын ойындары: Magformers, Contraptions, Bananagrams және т.б. Ойындарды ойнай отыра, түстерді, сандарды, сөз құрауды үйренеміз.
Біздің алаңға қош келдіңіздер! «Көңілді ағылшын – әрі оқу, әрі ойын» шығармашылық алаңында сіздердің бүлдіршіндеріңізді әр сәрсенбі сайын сағ. 12.00-де асыға күтеміз!