Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016premiyaakima is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016premiyaakima is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2016 жылғы 20 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне арналған жыл сайынғы сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Облыс әкімінің сыйлығын табыстау 2006 жылдан бері бастау алып, бұл күнде дәстүрге айналған. "Өнер - ұлттың жаны", дейді халық даналығы, өйткені, кез келген ел өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланатыны анық. Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек еткен жандар үшін бұл ерекше мереке.

Биылғы жылы аудандық, қалалық мәдениет және өнер мекемелерінен, шығармашылық және қоғамдық ұйымдардан арнайы құрылған комиссия қарауына 118 өтініш түссе, комиссияның сараптауынан кейін 21 номинация бойынша 24 жеңімпаз атанды.

Облыс әкімінің сыйлығымен театр артистері, вокалдық, аспаптық, бейнелеу өнерінің шеберлері, кітапхана, музей, клуб қызметкерлері, хореографиялық жанр үздіктері және облысымыздың ақын-жазушылары да өз жоғары бағасын алып, марапатталды.

Біздің кітапханамыз үшін биылғы жылғы Әкімнің сыйлығы ерекше болды. Себебі, 2012 жылдан бері дәстүрге айналған "Мамандығына адалдығы үшін" ең басты номинация бойынша жеңімпаздың бірі – Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Валентина Иосифовна Пак атанды. Бұл номинация бойынша сыйлықтың иегері атану, тек біздің кітапханамыз ғана емес, жалпы облысымыздың кітапханашылар қауымдастығы үшін үлкен абырой.

{gallery}material/news/2016premiyaakima{/gallery}

Пак Валентина Иосифовна 1972 жылы Челябинск мемлекеттік мәдениет институтын кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша бітірген. 1977 жылдан бастап Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында аға кітапханашы қызметінен директор орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

Көп жылдар бойы кітапхананың библиографиялық қызметін басқарды. 2000 жылдан директордың орынбасары ретінде В.И. Пак жоспарлау және есеп беру, автоматтандыру және ақпараттандыру, электрондық деректер базаларын құру, біліктілікті арттыру, бағдарламалық және жобалық жоспарлар құру сияқты қызмет бағыттарын басқарады.

2005 жылы "Крым - 2005" Халықаралық конференциясына (Судак қ., Украина), 2007 жылы Хаммамет қаласында өткен IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына (Тунис) қатысты. 2014 жылы Францияның Лион қаласында өткізілген ИФЛА-ның (Халықаралық кітапханалық федерациялар қауымдастығы) 80-ші Бас конференциясының қатысушысы.

Кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі мен аймақтық кітапхана саясатын құрудағы белсенді еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің, Қарағанды облысы әкімінің, Мәдениет басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған, 2011 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының "Кітапхана ісінің шебері" құрмет белгісің иегері.

"Кітапхана", "Кітапхана әлемі", "Кітап патшалығы" журналдарында, кәсіби баспасөз беттерінде, кітапханатану мен библиография тақырыптарындағы ғылыми еңбектер жинақтарында, облыстық мерзімді басылымдарында үнемі мақалалар жариялап тұрады. Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 75-жылдық мерейтойына арналып шығарылған "Қарағандының алғашқы кітапханасы: тарих беттерінен" атты жинақтың құрастырушысы болып табылады.

Валентина Иосифовна – барлық әріптестерімен көп жылдық тәжірибесімен бөлісуге дайын тұратын, кітапхана қызметіндегі барлық жаңалықтарды жұмысқа енгізуде әрдайым ізденіс танытып, өз мамандығына толықтай берілген маман. Жоғары дәрежелі кәсіби маман ретінде тек Н.В. Гоголь атындағы кітапхана ұжымында ғана емес, сонымен қатар, облысымыз бен республикамыздың деңгейіндегі кітапханалық қоғамы үшін белді тұлға.

Барлық кітапханашылар қауымы атынан өз өмірін кітапхана ісіне арнап, көптің ыстық ықыласына бөленіп жүрген әріптесімізді шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық және кәсіби табыстар тілейміз!