Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_konkurs_inostranzi is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_konkurs_inostranzi is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Сәуір және мамыр айлары аралығында кітапханамызда Американдық бұрыш бастамасымен "Табиғатты аялайық" - "Защитим природу" - "Earth Day" атты қолданбалы және көркемөнер балалар шығармашылығының байқауы өткізілген болатын.

Атаулы іс-шараның мақсаты: балаларды табиғатқа деген жанашырлыққа үйрету, экологиялық тақырыптың кең таралуын қамтамасыз ету, оқушыларды  эстетикалық мәдениетке тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бұл байқау жұртшылықтың назарын адамзат тарапынан қоршаған ортаға келіп жатқан зиянға аудару мақсатында жыл сайын 22 сәуірде АҚШ-та  аталып өтетін "Жер күні" мерекесіне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.

Осы жылы байқауға кітапханамыздың ағылшын тілі балалар клубының қатысушылары мен қаламыздың мектеп оқушылары қатысты. Пейзаж, графика, анималистика, көркем сурет жанрларында бояумен, қарындашпен, аппликация, ермек саз, папье-маше тәсілдерімен салынған қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасын тамсандырып, әр жұмыс өзінің шеберлігі және өзектілігімен ерекшеленді. Өскелең ұрпақ бүгінгі таңда табиғатымызға төніп тұрған экологиялық зардаптарға бей-жай қарамайтындығын дәлелдеді. Балалардың жан жылуымен салынған суреттері арқылы туған жерінің табиғатына деген ерекше махаббатпен жеткізуге тырысқан сезімдері қазылар алқасын таңқалдырды. Әр қатысушы өзінің жұмысы арқылы көкейінде жүрген идеяларын,табиғатқа деген көзқарастарын көрсете білді.

12 мамырда өткен салтанатты марапаттау рәсімінде қазылар алқасы байқауға қатысқан жас таланттарымызға төрт номинация бойынша арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Оның ішінде:

  • "Тірі табиғат" номинациясында - Құрманғали Ілияс (№ 86 орта мектеп), Нешин Даниил (№ 38 гимназия) ,  Карташова Екатерина (№ 66 орта мектеп);
  • "Шығармашылық ой-қиял" номинациясында - Советова Айгерим (№ 13 орта мектеп);
  • "Тақырыпты толық ашқаны үшін" номинациясында - Ибадуллаева Еңлік (5 жас), Сумин Матвей (№ 3 гимназия), Қабдуллаев Рауан (№ 92 гимназия), Сумина Арина (6 жас), Мишина Варвара (6 жас), Шедко Александр (№ 101 орта мектеп);
  • "Шеберлік пен еңбек сүйгіштік" номинациясында - Цай  Аркадий (№ 38 гимназия) марапатталды.
  • Өз шеберліктері мен белсенділігі үшін №92 гимназия оқушысы Қасымханова Айғаным мен № 86 орта мектеп оқушысы Марат Қарақат  "Тірі табиғат" және "Шеберлік пен еңбек сүйгіштік", № 15 орта мектеп оқушысы Байдаулетова Сара "Тірі табиғат" және "Шығармашылық ой-қиял",
  • № 32 орта мектеп оқушысы Журунов Амир "Шығармашылық ой-қиял" және "Шеберлік пен еңбек сүйгіштік" номинацияларында марапатталып, ерекше аталып өтілді.
  • {gallery}material/news/2016_konkurs_inostranzi{/gallery}

Марапаттау рәсімінің қорытындысында қазылар алқасының мүшесі, кітапханамыздың өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкері Л.С. Карпунина қатысушыларға деген ыстық лебізін білдіріп, еңбектеріне жоғары баға берді.