Төгіліп тұрса көктен нұр,
Мен сені сүйген көктем бұл...
Жанарыңдағы сағыныш
Үзіліп түсті. Мөп-мөлдір!
Қадірменді өлең сүйер қауым!
Сіздерді 15-сәуір "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" күніне орай Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен өтетін
"Мен сені сүйген көктем бұл..."
атты әдеби-сазды кешке шақырамыз. Ғашықтық ғазалдарымен сусындап, әуезді ән тыңдаймын десеңіз, бізге асығыңыз!
Өтетін уақыты: сағат 15.30
Өтетін орыны: Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, конференц залы