ҚҰРМЕТТІ ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫМ!!!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай наурыздың 30-шы жұлдызында сағат 12.00-де С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының жанынан құрылған "Өркен" жас ақындар клубы мен Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыс жасайтын "Жыр-жауһар" поэзия клубының арасында "Жастар поэзиясы жаңа белесте" атты онлайн кездесу өтеді.

Кездесуге қатысатындар арасында Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды облысы филиалының директоры, қазақтың адуынды ақыны Серік Ақсұңқарұлы, Жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, "Ертіс дидары" газетінің бас редакторы, ақын, журналист Арман Қани, қазақтың белгілі айтыскер ақыны, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанов, павлодарлық айтыскер ақындар Асығат Тұрғанбеков, Қуанышбек Шарманов және екі өлкенің сөз өнерін пір тұтқан, шанағына шаң қонбаған жас шайырлары болады деп күтілуде.

"Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" демекші қара сөзден өрілген қара өлеңге құштар жандарды жас жүректен жаңа шыққан жыр жауһары жампоздарының жиылысына шақырамыз.

Жырсүйер қауым!

Онлайн жүздесуге қатысып, ой тереңінде тұнып жатқан дауылды дүйім жұртқа паш еткін!