Құрметті оқырман қауым!
Ежелден қазақтың тарихын баяндап, ғасырлар сырын сақтаған музыкалық аспаптың бірі – домбыра.
Ұлттық тәрбие мен білімнің кілтіне айналған киелі аспаптың қасиетіне арналған "Ұлттық аспаптар үніндегі құдірет" атты музыкалық кеш өтеді.
Домбыраның тарихы, домбыра өнерінің жанрлық сан қырлылығы, домбыра жасау өнері жайлы осы кеште әсерлі әңгіме жүреді. Сахналандырылған көрініс пен домбырашылар ансамблінің орындаған төкпе күйлері осы киелі аспап жайлы мағлұматтарыңыздың кеңеюіне ықпал етері сөзсіз.
Келіңіздер, ерекше кештің куәгері болуға асығыңыздар!
Біз Сіздерді 05 сәуір күні сағат 11.00-де күтеміз!