Кітапхана іргесінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе жұмыс істейтін "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы Қарағанды жұртшылығын тағы бір танымды тұлғамен жүздестіруге қуанышты.

Құрметті өнерсүйер қауым!

Біз сіздерді 2016 жылдың 11 наурызында сағат 17.00 де Қазақстанның халық ақыны, сазгер  Қонысбай Әбілмен кездесуге шақырамыз.

Ақынның алғашқы жыр жинағы 1980 жылы жарық көрген. Қ.Әбіл - белгілі айтыскер ақын. 1990 жылы Ташкент қаласында Базар жыраудың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында жеңімпаз атанып, ІІІ республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін иеленген. Айтыстары "Мәңгілік көктем", "Жыр-шашу", ауызша әзілдері "Деген екен..." ұжымдық жинақтарына енген. "Астана" медалімен марапатталған.