[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_mukagali is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Әлемдегі жүйе біткеннің бәрі ақындарға қарсы құрылған сияқты көрінеді кейде. Ағысқа қарсы жүзу табиғи таланттарға тән қасиет. Өйткені өлмейтін шығармалар шекарадан шыққанда ғана туады. Халқының мұң-мұқтажын, қайғы-шерін, қуанышын жүрегінен өткізіп барып, соған жауап іздеп аласұрады. Бірқалыпты өмір сүру олардың маңдайына жазбаған. Ақынға мансап, атақ қажетсіз. Оның Алла берген мансабы бар. Өресі таяз жандар мұны қайдан ұқсын. Ал Мұқағали мұны бірден ұққан. Ол сондықтан да шекараның сыртында ғұмыр кешті. Бірақ мұзбалақ ақынды түсінуге ешкім тырысқан жоқ. Түсінсе де түсінбеген кейіп танытты. Нағыз ақындардың ит өмірге сыймайтыны содан. Мұқағалидың шындықты айтқанын, тау қопарар талантын көре алмайтындар аяғынан шалды. Нағыз кемелденген шағында Одақтан қудалады, кітабын шығармады, өлеңін баспады. Бірақ олар Мұқағалиға мәңгі өмір сыйлағандарын білген жоқ...
Қазақ өлеңіне өз ұлттық бояуымен келген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты әдеби-сазды кеш Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.
Кешті абонемент бөлімінің кітапханашысы Гүлсая Қадырова мен жас ақын Арман Жазыбаев жүргізді.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы көрсетілген бейнеролик пен өзінің өлең оқыған дауысы жастарды қызықтыра түсті. Еркебұлан Елеусізұлы "Менің анкетам" өлеңі арқылы ақынның образын сомдады. "Қош, Махаббат!" пьесасынан үзінді көрсетілді. Клуб мүшелері Кәусария Сәулехан ақын өлеңдерін шебер оқыса, Ербұлан Мақатай "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын жатқа соқты. Әріптесіміз Нұржан Құлымжан мен жас әнші-сазгер Қанат Көшкімбай ақынның бірнеше әнін нақышына келтіре орындады. Аймақтық "Арқа ақшамы" газетінің бас редакторы, ақын Жанат Жаңқашұлы сөз сөйлеп, "Мұқағали өзіне дейінгі классик ақындардың көбісін өлтірген ақын, қазіргі біздің жырларымызды оқымайтын қария ақындар осыны ескерсе екен" - деді өз сөзінде.
{gallery}/material/news/2016_mukagali{/gallery}
Ақынның 75 жылдық мерейтойында тұсауы кесілген "Жыр-Жауһар" поэзия клубының алғашқы мүшелері кештің қонағы болды. Алмаз Мырзахмет, Қуаныш Медеубаев, Айзада Рахымжанова, Рауан Қабидолдин, Ерболат Қуатбектер сөз сөйлеп клубты 10 жылдығымен құттықтап, қызықты естеліктерімен бөлісіп, жырдан шашу шашты. Осыдан 10 жыл бұрын олар балаң ақын болса, бүгінде жыр жинақтары шыққан, облыс, республика көлеміне танымал ақындар.
Кеш ұйымдастырушылары "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты кітап көрмесі мен клубтың 10 жылдығына арналып жасалған бейнероликтерін көпшілік назарына ұсынды. Абонемент бөлімінің басшысы Бақыт Қазалиқызы кешке қатысқан студенттер мен қонақтарға шексіз ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар тапсырды.
Кештің соңы клуб мүшелерінің естелікке суретке түсіп, өлең оқу үрдісіне ұласты.
"Жыр-жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен өткен аталмыш кеш биылғы он жылдықтың аясында өтетін шаралардың алғашқысы.