2016 жылғы 25 ақпан күні кітапханамызда  мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың

85 жылдық мерейтойына арналған "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты әдеби-сазды кеш өтеді. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы жан-жақты естеліктер мен тың деректер айтылып, жырлары оқылып, әндері орындалып, драмалық шығармасынан үзінді қойылады.

Кештің ерекшелігі – Мұқағали ақынның 75 жылдығына орай кітапханада ашылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жас ақындарының қатысуы. Құрылғанына 10 жыл толған бұл клубтың мүшелері бүгінде облыс көлемінде ғана емес, республика жұртшылығына да танымал болды.

Поэзия әлеміне еніп, рухани дүниесін жырмен сусындатқысы келетін баршаңызды осы кешке шақырамыз.

Кеш кітапхананың конференц залында сағат 15.00- де өтеді.

Байланыс телефондары: 56-53-04