Поэзия - десе елеңдеп тұратын аса мәртебелі әдебиет жанашырлары!
Қарағанды шаһарында алғаш рет "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен өтетін ХХ ғасырдағы қазақ өлеңінің санаулы алыптарының бірі һәм бірегейі, бұлақтай мөлдір, лирик ақын - Жұматай Жақыпбаевтың 70 жылдығына арналған "Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде..." атты әдеби сазды кешке асығыңыздар!
Кеште "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жас өрендері тарапынан Жұматай ақынның образы сомдалып, жырлары оқылып, күйлері тартылады. Сондай-ақ ақынның елге белгісіз – прозалық шығармалары, аудармалары және басқа қырларына тоқталып, естеліктер айтылады.
Кеш ресмиятсыз еркін форматта өтеді.
Біз сіздерді 2015 жылдың 18 қазаны күні сағ. 15.00 де кітапханамыздың конференц залында күтеміз.