Құрметті оқырмандар!
Ардақты кітап сүйер қауым!
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай "Әдебиет -  өмір айнасы" атты кітап фестивальіне  шақырамыз!!!

Фестивальда Қазақстан Жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, қазақтың адуынды ақыны Серік Ақсұңқарұлы мен Қарағанды облысының ақын-жазушылары қатысып, жас қаламгерлермен шеберлік сыныбы өткізіледі.

Фестиваль барысында "Бір ел – бір кітап" акциясының ашылуы өтеді. Сондай-ақ көрермендермен түрлі ойындар ойналып, күмбірлетіп күй тартылып, әуелетіп ән айтылып, нәзік лириканың исі аңқыған ұлттық рухтың тарпаң болмысы бойына ұйыған түрлі жанрдағы поэзия жауһарлары оқылып, оқырман қауым көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алатын болады.

Кеш соңында "Жыр-Жауһар" поэзия клубының жас ақындары Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 80 жылдық мерейтойына арнап кітапхана ауласына гүл көшеттерін отырғызады.

Келіңіздер, мерекелік  кешіміздің куәсі  болыңыздар!

Сіздерді 2014 жылы 16  мамыр  күні сағат 15.00-де

Оқу залында күтеміз!

Байланыс тел: 8(7212)565-304