"Табиғат - алтын бесік" - "День земли" - "Earth Day" балалар
шығармашылығының қолданбалы және қалалық көркемөнер көрмесі

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Американдық бұрышының бастамасымен "Жер күніне" орай №1 балалар көркемөнер мектебімен бірлескен "Табиғат - алтын бесік" - "День земли" - "Earth Day" атты балалар шығармашылығының қалалық көрмесі өткізіледі. Аталған іс-шара "Америкамен танысыңыз" бағдарламасы аясында және жыл сайын өтетін "Жер күні" мерекесіне орай өткізіледі. АҚШ-та бұл күнді 22 сәуірде атап өтеді. Дәл осы күні талдар отырғызылып, аймақты абаттандыру жұмыстарымен айналысу қағида ретінде қалыптасқан.

Осы жылы Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің өтініші бойынша мектеп оқушыларының суреттерінде жабайы бөкен, киіктердің және Қазақстандағы қарлы барысының популяциясын қорғау міндеті  көрініс табу қажет.

Биылғы жылы суреттер көрмесіне арналған қосымша тақырыптар ұсынылды: "Америка алыс болып көрінгенмен жақын", "Америка ближе, чем она кажется", "America is closer than it seems". Бұл тақырыптар арқылы жас суретшілерге екі ел мәдениетінің ұқсастығын бейнелеуге мүмкіндік туады. Мәселен: қазақтың ұлттық киімі және ковбой костюмы, сондай-ақ құрақ көрпе жасау қолөнері екі ұлттың мәдениетінде де бар, ұлттық тағамдар мен сусындардың ұқсастығы. Біздің қаламыздың және АҚШ елінің ескерткіштері арасындағы ұқсастық.

Көрме 2014 жылдың 16-21 сәуір аралығында өткізіледі. Көрменің жабылуына "ҚР Американдық бұрышы және мәдени орталығы" бағдарламасының үйлестірушісі Баян Шаку қатысады.

Көрмеге төмендегідей жастағы мектеп оқушыларының жұмыстары қойылады:

  •          6-8 жас аралығы;
  •          9-11 жас аралығы;
  •          12-14-16 жас аралығы;

Көрме Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК-да өтеді.

Қатысушылар жұмыстарын келесі үлгі бойынша тапсырады:

  •         суреттер (А4, А3 форматында);
  •         табиғи және басқа да заттардан жасалған қолөнер бұйымдары.

Жұмыстардың қазақ, орыс, ағылшын тілінде атаулары болуы керек.

Суреттер мен қолөнер бұйымдарын мына мекен-жайға тапсыру қажет:

Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК Американдық бұрышы

Ерубаев көшесі, 44

Тел: 8(7212)493 375

Демалыс күні: сенбі