Құрметті оқырмандар!

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша "Фариза Оңғарсынова жырлары  шашқан шұғыла" атты Кітапханалық блогтардың Халықаралық байқауын ұйымдастырған болатын. Байқауға Қазақстанның 18 кітапханасы мен Тюмень облысы, Ишим қаласының орталықтандырған кітапханалық жүйесі (Ресей) қатысты.

Осы байқауға қатысқан 19 кітапхананың арасынан "Оқырман үшін ең үздік кітапханалық блог" номинациясы бойынша кітапханамыздың "Мен құштар әлем" блогы жүлделі 2 орынды жеңіп алып, естелік сертификаты мен Фариза Оңғарсынованың қолтаңбасы бар "Ғашық жүрек" кітабына және BookReader – электронды кітабына ие болды.

Кітапханамыздың осындай жетістікке жетуі - кітапхана қызметкерлерінің жемісті еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Білім бұлағының қайнар көзі – кітапханалар өрлеп, өркендей берсін демекпіз!