Қазақ батыры Ағыбай Қоңырбайұлының 220 жылдық мерейтойына арналған «Ақжолтай Ағыбай батыр» кітап көрмесіне келіңіздер. Көрме 2022 жылдың 15 - 27 шілде аралығында өтеді.

Қазақтану ілімінің қара нары Ақселеу Сейдімбек жайында Әбдіраш Жарасқанның «Құлпытас» деген эпитафия кітабында мынадай эпиграмма жазыпты:

Бойы бар ерек көрінер!

Ойы бар зерек өрілер!

Жазушы,

әнші

һәм күйші,

саятшы,

ұста,

зергер...

Сөзіне сенсең – осындай,

өзіне сенсең – досыңдай.

Көкпарға түсіп кетпегей,

бәрінің басы қосылмай...

Иә, ол аз ғұмырында Алла тағала берген қабілеттің бәрінің басын біріктірді. Артында аңыз қалды.

Сөзі абызға, өмірі аңызға айналған Ақселеу Сейдімбекке арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафоны аясында «Естеліктегі Ақселеу» айдары бойынша 12 шілде күні кезекті онлайн кездесу өтті.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар! Өнегелі өмірін шығармашылыққа арнаған ұлт қайраткері, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстанның еңбек ері, белгілі ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толуына орай оқырмандарға «Поэзия әлемінің дарабозы» тақырыбында бейне шолуды ұсынамыз.

2017 жыл Астанада «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің өтуімен есте қалды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі «Болашақ энергиясы» - әлемдік қауымдастықты толғандыратын энергияның баламалы көздері секілді ең өзекті тақырыпқа арналды. Осы ауқымды көрменің ашылу күні, «қалай бастау алды?», «жетістіктері қандай?», «ел экономикасына қандай әсері бар?» деген сұрақтарға жауап алғыңыз келсе «EXPO -2017»: Қазақстан мерейі» атты бейнепрезентациясын назарларыңызға ұсынамыз!

23-24 маусым күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты І аймақтық әдістемелік практикумы өтті. Аталмыш шара Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана базасында өтіп, кәсіби кездесудің ерекше үлгісі болды.

Практикумның мақсаты – аймақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің жағдайына талдау жасау, аймақта халыққа қызмет көрсетудің біріңғай заманауи кітапханалық-библиографиялық жүйені қалыптастыруға ықпал ету, пандемиядан кейінгі кезеңде даму векторын айқындау, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Толығырақ...