Кітап «Уа, дариға, заманым!» деп аталады. Авторлары – ағайынды Саққұлақ, Қосан Ыбырайымұлдары.

Арқа өңіріне ХХ ғасырда аса танымал болған Саққұлақ, Қосан Ыбырайымұлдарының соңында қалған жазбаларынан құрылған осынау кітапта өткен ғасырдағы бір әулет басынан кешкен ауыр тағдыр, бір әулет қана емес тұтас ел өткерген заман бейнесі бар.

Мұндағы өлең-жырлар ұрпақтарының қолында қолжазба араб қарпімен сақталған. Төте жазумен сақталған қолжазбаны қазақша сөйлеткен Ақтоғай ауданының тұрғыны, бірнеше қолжазбаларды қазақ тілінде аударған Айдаржан Қасенов болса, Редакциялау жұмысын жазушы, «Қасым» журналының Бас редакторы Серік Сағынтай атқарған.

 

 

Кітап төрт бөлімнен құрастырылған.

  1.  Шежіре.
  2.  Алла деп сөзді бастадым.
  3.  Жүсіпханның басынан кешкендері.
  4.  Хат жаздым қалам алып...

Құнды қолжазбаны жинақтап, құрастырған ақындардың ұрпағы Амандық Жәкетаев.

Осындай құнды кітапты біздің кітапхана қорына сыйлаған А.Жәкетаевқа алғысымызды білдіреміз.

Жаңа кітапқа ақ жол!. Оқырманы көп болсын!

«Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» II аймақтық әдістемелік практикумының жұмысы аяқталды.

29-30 маусым күндері Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Нұра ауданының ОКЖ-де Б. Ысқақов атындағы аудандық орталық кітапхана базасында «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» әдістемелік практикумы өтті.

Практикумның мақсаты:

  1. Аймақта халыққа қызмет көрсетудің біріңғай заманауи ақпараттық-кітапханалық жүйені қалыптастыруға ықпал ету,
  2. Тиімді инновациялық кәсіби идеяларды тарату;
  3. Облысымыздың кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Практикум жұмысына қалалық және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Қазаққа қиындықта сүйеу, қуанышта көңіл қанаты болған қара домбыраның қоңыр үні – қанымызда, бебеулеген сарыны – санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Сондықтан, киелі домбыраның шанағынан шамырқанған күй төгілсе, елең етпейтін қазақ жоқ.

Бүгін «Кітапханадағы жаз» бағдарламасы аясында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра дастан» атты арт-сағаты өтті.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар!

26 маусым –  Халықаралық нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесінің бейне шолуын ұсынамыз.

Бүгінде бір елді ғана емес, әлемді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүргізу үшін дүниежүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асыруда.

26 маусым күні кітапхана қызметкерлері Халықаралық нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Есірткіге жол жоқ» атты жастар акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты - адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің зиянын түсіндіре отырып, саналы, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Қоғамды осы мәселеге бейжай қарамай, қарсы күресуге шақыру.

Кітапханашылар қала көшелеріне шығып, қала тұрғындары мен қонақтарына есірткінің зияндығы туралы ақпарат айтып салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін «Сенің болашағың өз таңдауына байланысты» атты буклеттер таратты.

Акция барысында жастармен нашақорлыққа байланысты пікір-таластар жүргізіп, оларға: Біздің қоғамда есірткілерді қолдану және тарату мәселесі бар ма?, Сіз және сіздің таныстарыңыз бұл мәселеге жолықтыңыз ба?, Сіздің нашақорлыққа көзқарасыңыз қандай? - деген сауалдар қойылды.

Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, әртүрлі жас санатындағы тұрғындардың психотроптық заттарды қолданудың соңы қандай өкінішті жағдайларға ұрындыратыны жайлы ақпарат берді.

Толығырақ...