2020 жылдың 1-қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс – қимыл кезеңі» атты кезекті жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы кезекті жолдауында пандемияға қарсы күрес кезіндегі азаматтардың өмірі пен денсаулығы сақтау үшін жұдырықтай жұмылған ел бірлігіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Жаңа жағдайдағы экономикалық дамуының басты 7 бағдарын атап көрсетті. Экономиканы қарқынды дамытып, бейбіт Қазақстанның одан әрі жандануын қолға алу қажеттігін да баса айтты.
Биылғы Жолдау ерекшелігін көпшілік оқырманға жеткізу мақсатында кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде «Жолдау – ұлтымыздың ұлы бағдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхананың көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету секторы қаламыздың №27 орта мектебінің 4-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, балалар жазушысы Толымбек Әбдірайымның шығармашылығына арналған «Балаларға тарту» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Шараның мақсаты – оқушыларға танымдық бейне презентация арқылы жазушының шығармашылығымен таныстыру, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы жайлы ақпарат беру, балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, әңгімелеу арқылы сөйлеу шеберліктерін қалыптастыру.
Құрметті оқырмандар, назарларыңызға кітапхана қорындағы «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы негізінде шыққан жаңа кітаптар топтамасын ұсынамыз.
Қазақстанда 2007 жылдан бастап Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Кітапханашылар қауымдастығының бастамасымен "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы өткізілуде. Оның мақсаты - ұлттық әдебиеттің үздік шығармаларын оқу және насихаттау, білім беру үрдісіне ықпал ету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл акция классиканы, заманауи әдебиет пен поэзияны қоса алғанда, отандық әдебиетке деген жұртшылықтың қызығушылығын одан әрі арттыруға ықпал етеді.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап" рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Акция аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жыл кітаптары үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғануға бағытталған "Отыз жылдыққа отыз кітап" таңдалды.
Назарларыңызға 2021 жылдың "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың" тізімін және кітапханамызда өткізілетін іс-шаралар жоспарын ұсынамыз.