Құрметті оқырмандар, назарларыңызға Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған "ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН - ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ" атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. Көрмеден Рух майданының шын мәніндегі күрескері болып өмірден өткен Әлихан Бөкейханның танымы мол, тағылымы терең еңбектерімен, туған халқының қамын ойлап айтқан қадау-қадау қағидаттарын, әлихантанушы ғалымдардың зерттеулерімен таныса аласыздар.

Құрметті оқырман!

Қазақтың тұңғыш кәсіби музыканты, музыка зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, белгілі дирижер, кәсіби композитор, Қазақстан Ғылым академиясының өнер саласындағы академигі, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115-жылдығына арналған "Саз өнерінің сардары" атты бейне шолуды назарларыңызға ұсынамыз!

Елдің елдігін, халықтың бітім-болмысын көрсететін ұлттық құндылықтарымыз – мемлекетіміздің рәміздері.

1 маусым күні оқу залында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған "Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 4 маусым күні - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні ретінде мерекеленеді.

Рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

1992 жыл тарихи оқиғаларға толы жыл. Тарихи оқиғалардың ішінде Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны қабылдау сәттері болды. Осы даталармен бірге Қазақстан тарихында тәуелсіздік нышандарын жасаған: суретші Шәкен Ниязбеков (Ту авторы), сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлихановтың (Елтаңба авторлары) есімдері мәңгі есте қалды.

2006 жылы тағы бір маңызды оқиға болды. Ол Еліміздің жаңа әнұраны қабылданды. Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған, кейін Президент Н.Ә. Назарбаев кейбір түзетулер енгізген Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" атақты әні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранына айналды.

Толығырақ...