18 қазан - Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда бірінші дүниежүзілік Рухани келісім конгресі өткен 1992 жылдан бастап өз есебін жүргізеді. Алматыда барлық діндердің өкілдері, сондай-ақ белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері жиналып, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды.
Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның аса маңызды қағидаты азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен қарау болып табылады.
«Адамды адам еткен – кітап,
адамзат еткен – кітапхана»
Әбіш Кекілбаев
Қарағанды облыстық Н.Гоголь атындағы әмбебап кітапханасы 2022 жылдың 12-13 қазанында Ашық есік күнін жариялады. Біз «Барлығына ашық кітапхана» ұранмен әрқашан қалада немесе одан тыс жерлерде тұратын барлық жастағы, әртүрлі әлеуметтік ортадағы оқырмандарға ашықпыз.
Дәстүр бойынша кітапхана оқу жылының басында бірінші кезекте жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттеріне, жалпы білім беретін мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушыларына есігін айқара ашып, оларды Ашық есік күніне шақырады. Сонымен қатар, Ашық есік күніне қаланың барлық тұрғындары әлеуметтік желілердегі Афиша арқылы шақырылды.
Акцияның мақсаты - кітапхана оқырмандарының аясын кеңейту, кітапхананың сервистік және ақпараттық қызметтерімен таныстыру, кітапхананың оң имиджін қалыптастыру.
Кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясында 14 қазан күні «Қарағанды облысының кітапханаларында жастармен жұмыстың жаңа тәжірибелері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – жастар қауымын кітап оқуға тарту, ақпараттық қызмет көрсетудің тиімді формаларын, әдістері мен технологияларын меңгеру, тәжірибе алмасу.
Аталмыш семинарға облыстың қалалық, аудандық кітапханаларының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары шақырылды.
Құрметті оқырман! Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған пулеметші, ерлігі елге өнеге болған батыр қыз - Мәншүк Мәметова жайлы «Қазақтың батыр қызы» бейне презентациясын назарларыңызға ұсынамыз.
{youtube}https://www.youtube.com/watch?v=92L2eglvJ4c{/youtube}
Жыл сайын ұйымдастырылатын поэзия мерекесі 7 қазан күні С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында жалғасын тапты.
Салтанатты кеш бүлдіршіндер Мүбарак Мұрат пен Әлихан Әміркен ақынның «Дүниеге жар», «Туған жер» өлеңдерін оқып, Қ.Байжанов атындағы КБ «Арай» тобының орындауында Қ.Аманжоловтың «Ақ сәулем» әніменашылды.