Достар! Бізде жаңа АРТ-МАРАФОН! Баршаңызды «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты сәндік-қолданбалы өнер марафонына қатысуға шақырамыз.
Егер сіз кез-келген техникада, әртүрлі материалдардан авторлық бұйымдар жасасаңыз, онда бұл МАРАФОН тек Сізге арналған!
АРТ-марафон 2023 жылдың ақпан айынан бастап қыркүйек айына дейін өткізіледі! АРТ-марафон шарттарымен Шеберлер Клубының 10 жылдық мерейтойына арналған «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер АРТ-МАРАФОНЫН өткізу ережесімен танысуға болады.
Достар! Бұған дейін көп қаламгер бара қоймаған тың тақырыпқа арналған, халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық ойындарының психологиялық астарына ғылыми тұрғыда талдау жасалған еңбек - «Қазақтың жазылмаған психологиясы» кітабына арналған бейне ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз!
2023 жылдың 24 қаңтар күні «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат-лицейінің 10 «А» сынып оқушыларымен Мемлекет басшысы Қ-Ж.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауына байланысты «Қуатты ұлттың деңгейі – халық» атты ақпараттық сағат өтіп, оқушылар өз ойларымен, өз пікірлерімен бөлісті.
Оқушылардың ойынша, экономикасы дамыған әділетті елде тұру халыққа ыңғайлы. Сол жағдайды жасау – мемлекеттің басты міндеті. Әрбір жұмыс жасаған азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет және ертеңгі күнге деген сенім болуы тиіс.
Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар жазушы, драматург Төлен Әбдіктің шығармалары оқуға ұсынылды. Сіздердің назарларыңызға Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Табиғаты өзгеше дарын» атты бейне шолуымызды ұсынамыз. Баршаңызды Төлен Әбдіктің әдебиеттерін оқуға шақырамыз!
Құрметті оқырман! Тамыры терең тарихымыз бен әдебиетімізді, өнер мен мәдениетті зор талғаммен зерделеп жүрген көрнекті ғалым Мұрат Әуезовтің 80 жылдығына арналған «Мұрат Әуездің мәдени мұрасы» атты безендірілген кітап экспозициясына әдеби шолуды назарларыңызға ұсынамыз! Қызығушылық танытқан әрбір оқырман кітапханаға келіп әдебиеттермен жақын таныса алады.
Келіңіздер!