Балаларға базарлық!

Назарларыңызға "Қарлығаш пен дәуіт" ертегісін ұсынамыз.

Назарларыңызға түрі-түсті қағаздан жасалатын “Жел ебелегі” шеберлік сағатын ұсынамыз!

Жазғы раушан гүл жасауды үйренгіңіз келсе, шеберлік сағатымыз назарларыңызға ұсынылады.

Кең байтақ қазақ жерінің бөлігін алып жатқан Сарыарқа даласы - көненің көзі асылдардың мекені. Сол мекеннің бір бөлігін алып жатқан тарихы ғажайып құпиялы сырға тұнған жерлердің бірі – Ақтоғай ауданы.

Осы киелі мекеннің тарихынан сыр шертетін жаңа «Абыз дала, аңыз дала – Ақтоғай» атты кітап жарыққа шықты.

Жаңа кітапты оқырман қауымға таныстыру мақсатында2021 жылдың шілде айының 8 күні кітап авторымен тікелей эфирде жүздесу өтті.

Толығырақ...

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен Шет ауданы, Талды ауылындағы «Қаражартас» қорымына экпедициясына кітапханамыздың қызметкерлері барып, қайтты.
Сапар барысында Мұртты қорған, «Көктерек», «Қаражартас 2, Пирамида, Талды 1, Талды 2 қорымы, Ақбауыр қорымы, Ақкезең қонысы, Бада қорымына барып, олардың шығу тарихы мен зерттелу кезеңдері жайлы тың деректермен танысты.