Жаз уақыты басталды. Демалыс, теңіз, саяхат, саяжай. Көп адам жазғы уақытын әрине, алдын-ала жоспарлап, керемет өткізуге тырысады. Осы орайда, біздің кітапхана осы демалыстың барлық түрін кітап арқылы ұсына алады. Сондықтан жылдағы дәстүрмен 6 маусымда қаламыздың тұрғындарына «Жазғы оқу қаласы» жобасын ресми ашып, өз оқырмандарымызды қуанттық. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітапханадағы жаз» және «Жазғы оқу қаласы» бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл ерекше мән беріледі, өйткені 2022 жыл Қазақстанда балалар жылы деп жарияланды.

Толығырақ...

Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2 маусым күні сағ.11.00 де ұрпақтар сабақтастығын жалғау. Аға буын мен жас буынның арасында театр өнерінің кешегісі мен бүгінін зерделеу, жалпы театр жөнінде әңгіме өрбітіп оқырмандарға қаламыздағы мәдени ошақтың маңыздылығын насихаттау мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық  академиялық қазақ драма театрының 90 жылдық мерейтойына арналған «Арқадағы өнердің Ақсарайы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби-сазды кештің құрметті қонақтары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының басшысы Құрман Өмірбекұлы Қалымов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі - Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков,  С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының баспасөз хатшысы – Сағат Сыдыққызы Батырхан, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының театрдың режиссері және көркемдік жетекшісі – Айдын Абзалбекұлы Салбанов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының жас актері – Қуаныш Жаппаров келіп қалың оқырманмен кездесті.

Толығырақ...

Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. 4 маусым күні еліміз - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеді. Биыл бұл мереке әсіресе ауқымды түрде атап өтілмек, себебі, 2022 жылы тәуелсіз мемлекетіміздің Мемлекеттік рәміздері қабылданғанына 30 жыл толады.

Осы тарихи оқиғаға орай 1 маусымда коворкинг орталығында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышаны» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...

«СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДІҢ, КЕЛЕР ҰРПАҚ...»
республикалық дәстүрлі XII ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ оқулары

КЕЛ, БАҒЫҢДЫ СЫНА!

ӨЗ БЕЛСЕНДІЛІГІҢ –ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дауылпаз ақын Қасым Аманжолов шығармаларын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 6 қазан күні «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық дәстүрлі XII Қасым Аманжолов оқуларын өткізеді.

  • Байқау 2022 жылдың 6 қазан күні өтеді;
  • 18-28 жас аралығындағы жастар қатыса алады;
  • Өтінім мен эссе 2022 жылғы 5 қыркүйекке дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштаға қабылданады;
  • Байқау екі кезең бойынша өтеді;
  • Бірінші кезеңде қатысушылар «Қасым Аманжолов – эпик ақын» тақырыбында эссе жазып, ұсынылған поштаға өз жұмыстарын жолдайды. (Ақынның поэмалары: «Құпия қыз», «Ақын туралы аңыз» (Абдолла), «Бикеш», «Боран», «Сырттан»);
  • Сұрыптаудан өткен шығармалар ғана екінші кезеңіне қатысады;
  • Екінші кезеңде қазылар алқасы алдында қатысушы Қасым Аманжоловтың поэмаларын жатқа оқиды («Құпия қыз», «Ақын туралы аңыз» (Абдолла), «Бикеш», «Боран», «Сырттан»);
  • Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Толығырақ Ережемен таныс болыңыздар

2022 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы «Кітапхана және архив ақпараттық-білім беру және ғылыми-зерттеу ортасының элементі ретінде" атты кәсіби сессиясын ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, мұрағат ісі және кітапхана жұмысы саласындағы мамандар, мемлекеттік мұрағаттар, ұлттық, ғылыми кітапханалар қызметкерлері және тарихшы ғалымдар қатысты.

Секциялық сабақтарға 100-ден астам маман қатысты. Біздің облысты. Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК қызметкерлері таныстырды: автоматтандыру бөлімінің басшысы А.А. Чен, абонемент бөлімінің кітапханашысы Ж. М. Зарубенова және құжаттарды цифрландыру секторының кітапханашысы Г.С. Мухамбетчина.

Толығырақ...