Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі демекші кітапханада бүгін Қарағанды қаласының 90 жылдық мерейтойы аясында «Достық пенен шапағаттың, Бесігі сен, Қарағандым!» атты тұсаукесер кеші өтті.

Шарада барлық саналы ғұмырын қазақ руханиятына арнаған, осы жолда талмай ізденген, қазақы рухты әндерін дүниеге әкелген ақын, әнші Бота Ноғаеваның шығармашылығына арналған «Ән Бота» кітабының таныстырылымы өтті.

Толығырақ...

20 ақпан күні облыстық кітапханамызда ақын, драматург, әдебиеттанушы, профессор Әбділда Тәжібаевтың  115 жылдығына арналған  «Сырда туған сырбаз ақын» атты әдеби кеші өтті.                                                                                                                             

Кештің мақсаты: қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, әдебиет зерттеушісі Ә.Тәжібаевтың шығармашылығын насихаттау. Ақын шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным - біліктілігін шыңдау, жастарды отансүйгіштікке әрі өнегелікке тәрбиелеу.

Толығырақ...

Сарыарқа төріндегі кеншілер шаһарының іргетасы қаланғанына бүгінде  90 жыл толып отыр! Осыған орай кітапханамызда «Ән-жырым саған, Қарағанды!» атты арт-кездесу өтті. 

Кешіміздің басты мақсаты: Сарыарқаның іргелі рухани орталықтарының бірі ретінде жас ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу, Халқымыздың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Толығырақ...

Кітапханада сүйікті қаламыз Қарағандының 90 жылдық мерейтойына  орай «Туған күніңмен, Қарағандым!» атты инсталляция - кітап көрмесінің ашылуы өтті.

Үлкен тарихы бар кеншілер қаласына арналған бұл көрмеден оқырман қауымҚарағанды қаласының тарихынан, мәдениеті мен өнерінен т. б. тақырыптарда сыр шертетін кітаптардың көрмесін, Қарағанды қаласы жайында салынған суретшілердің суреті бойынша «Тірі сурет» көрмесін, қаланың заманауи өмірі мен сәулет құрылысын көрсететін «Қарағанды замандастарының назарында» атты фотокөрмесін тамашалады. Ерекше инсталляция - кітап  көрмесінің салтанатын Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК басшысы А.С. Шаймуханбетова ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Толығырақ...

Биыл, 10 ақпанда кеншілер астанасы Қарағанды шаһарына 90 жыл толады.

Қарағанды қаласы – Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсіп саласында, индустриалды-инновациялық өндірістің дамуында маңызды қала болып табылады. Теміржол мен әуе жолының аса маңызды торабы, ғылымы мен мәдениеті дамыған қала, көптеген туристік-экскурсиялық желістердің қайнаған ортасы.

Шаһар тарихынан қысқаша мәлімет: Қарағандының 191 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.

Толығырақ...