Балалар мен ата-аналар назарына!!!
Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы уақытта Сіздерге Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді.
Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.
Жаз айларының дүйсенбі және сейсенбі күндері сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін балаларға араналған шығармашылық алаңдар тек Сіздер үшін жұмыс жасайды:
Жаз уақыты басталды. Демалыс, теңіз, саяхат, саяжай. Көп адам жазғы уақытын әрине, алдын-ала жоспарлап, керемет өткізуге тырысады. Осы орайда, біздің кітапхана осы демалыстың барлық түрін кітап арқылы ұсына алады. Сондықтан жылдағы дәстүрмен 6 маусымда қаламыздың тұрғындарына «Жазғы оқу қаласы» жобасын ресми ашып, өз оқырмандарымызды қуанттық. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Кітапханадағы жаз» және «Жазғы оқу қаласы» бағдарламасының салтанатты ашылуы өтті. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл ерекше мән беріледі, өйткені 2022 жыл Қазақстанда балалар жылы деп жарияланды.
Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2 маусым күні сағ.11.00 де ұрпақтар сабақтастығын жалғау. Аға буын мен жас буынның арасында театр өнерінің кешегісі мен бүгінін зерделеу, жалпы театр жөнінде әңгіме өрбітіп оқырмандарға қаламыздағы мәдени ошақтың маңыздылығын насихаттау мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының 90 жылдық мерейтойына арналған «Арқадағы өнердің Ақсарайы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Әдеби-сазды кештің құрметті қонақтары С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының басшысы Құрман Өмірбекұлы Қалымов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі - Кеңес Нарымбайұлы Жұмабеков, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының баспасөз хатшысы – Сағат Сыдыққызы Батырхан, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының театрдың режиссері және көркемдік жетекшісі – Айдын Абзалбекұлы Салбанов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының жас актері – Қуаныш Жаппаров келіп қалың оқырманмен кездесті.
Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. 4 маусым күні еліміз - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеді. Биыл бұл мереке әсіресе ауқымды түрде атап өтілмек, себебі, 2022 жылы тәуелсіз мемлекетіміздің Мемлекеттік рәміздері қабылданғанына 30 жыл толады.
Осы тарихи оқиғаға орай 1 маусымда коворкинг орталығында Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне арналған «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік нышаны» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДІҢ, КЕЛЕР ҰРПАҚ...»
республикалық дәстүрлі XII ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ оқулары
КЕЛ, БАҒЫҢДЫ СЫНА!
ӨЗ БЕЛСЕНДІЛІГІҢ –ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дауылпаз ақын Қасым Аманжолов шығармаларын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 6 қазан күні «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты республикалық дәстүрлі XII Қасым Аманжолов оқуларын өткізеді.
- Байқау 2022 жылдың 6 қазан күні өтеді;
- 18-28 жас аралығындағы жастар қатыса алады;
- Өтінім мен эссе 2022 жылғы 5 қыркүйекке дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштаға қабылданады;
- Байқау екі кезең бойынша өтеді;
- Бірінші кезеңде қатысушылар «Қасым Аманжолов – эпик ақын» тақырыбында эссе жазып, ұсынылған поштаға өз жұмыстарын жолдайды. (Ақынның поэмалары: «Құпия қыз», «Ақын туралы аңыз» (Абдолла), «Бикеш», «Боран», «Сырттан»);
- Сұрыптаудан өткен шығармалар ғана екінші кезеңіне қатысады;
- Екінші кезеңде қазылар алқасы алдында қатысушы Қасым Аманжоловтың поэмаларын жатқа оқиды («Құпия қыз», «Ақын туралы аңыз» (Абдолла), «Бикеш», «Боран», «Сырттан»);
- Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.