Ағымдағы жылдың 12 тамызында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «HackTheBookshelf» атты жаңа жобасы ұйымдастыратынын хабарлайды.
«HackTheBookshelf» Хакатоны аймақтың орталық кітапханасының 90 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасымен бірлесіп өткізіледі.
Хакатонға төмендегі тапсырмаларды орындау үшін командаларға біріккен Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:
- 1-кейс. Онлайн платформаны әзірлеу
- 2-кейс. Мобильді қосымшаны әзірлеу
Оқырман қауымнан кітапты сыйлыққа алу ерекше құрмет. Кітапты үлкен жүректі кітапхананың тағдырына бейқам қарамайтын адам сыйлайды.
Кітапханамызға жергілікті жазушы Сүйіндік Жанысбай қазақтың біртуар ұлы, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметі туралы көптеген деректі оқиғаларға толы «Әлемге әйгілі Әлихан» атты өзінің кітабын сыйға тартты. Бұл кітап кітапхананың кітап сөресінен ерекше орын алып қана қоймай, оқырмандарға ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Ақпараттық шақыру хат
2024 жылғы 18-19 қыркүйекте Қарағанды қаласында Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдық мерейтойына арналған «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk өтеді.
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жастарды кітапханаға тарту» атты іске асырылған жобалар ашық байқауын жариялайды!
Байқауға Қазақстан Республикасының 18 жастан бастап жастарды кітапханаға тарту бойынша (кемінде 6 ай) іске асырылған авторлық немесе кітапханалық жоба ұсынған барлық азаматтар қатыса алады.
- 05 шілдеден - 15 шілдеге дейін ашық байқауға қатысу үшін онлайн-тіркеу сілтеме бойынша жүргізіледі
- 16 шілдеден – 09 тамызға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жұмыстар қабылданады.
Байқау ЕРЕЖЕСІМЕН таныса аласыздар!
Ұлттық домбыра күні - 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретінде тойланып келеді.
Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Алайда 2010 жылы елдегі БАҚ тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан басталатын «ата домбыра» табылғанын айтып сүйінші сұраған болатын.
1500 жыл бұрын қолданыста болған делінетін көне аспап Алтай тауының Моңғолия жағындағы Үңгіртас деген үңгірден табылған. Әуелі малшының қолына түскен аспап, кейін археологтардың қызығушылығын оятып, 2008 жылы мемлекет қамқорлығына алынады. Бұл ғылыми жаңалыққа қазақ ғалымдарының арасынан танымал түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы назар аударып, аспаптың домбыраның арғы «атасы» екенін дәлелдеп шығады. Осылайша шертпе аспаптардың тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан бастау алатыны белгілі болды.