2022 жылдың  14-15 сәуір күндері кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясында ауыл кітапханашыларына арналған  «Мамандықты меңгеру» атты облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – арнайы кітапханалық білімі жоқ кітапханашыларды кәсіби қызметке бейімдеу.

Облыстық семинарға арнайы ауыл кітапханашылары шақырылды.

Кітапханалық кәсіби білімді шыңдау мақсатында семинар бағдарламасы бірнеше бағыттарды қамтыды.

14 сәуірде кітапханамыздың бөлім басшылары: «Кітапхана қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар. Кітапхана статистикасының көрсеткіштері» тақырыбында кеңес жүргізді. Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру қызметі бойынша «Кітапхана қорлары: есепке алу және есептен шығару» атты баяндамасы ұсынылды. Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша «Оқырмандардың түрлі санаттарымен жұмыс істеу ерекшеліктері» жайлы таныстырылды. Ал, өлкетану жұмысының құжаттарын жинақтау және оны насихаттау туралы «Кітапханадағы өлкетану жұмысы» тақырыбында кеңес берілді.

Толығырақ...

Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасын, халық мұрасын тірнектеп жинап, хаттап қағазға түсіріп, рухани әлеміміздің ұмытылмауына өлшеусіз үлес қосып кеткен шығармашыл тұлғаның бірегейі – Ақселеу Сейдімбек.

Кітапханамызда жерлесіміздің 80 жылдық мерейтойына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафон аясындағы «Қазына қалдырған қаламгер» аттымектеп, колледж мұғалімдерінің арасында ашық тәжірибе алмасу алаңы өтті.

Толығырақ...

Құрметті ата-аналар, ата-әжелер, балалар! Сіздер үшін қызықты БАЙҚАУ! Кітап оқу дәстүрі отбасыңызда қалыптасқан болса, біз өткізетін  «Бірге оқимыз!» отбасылық байқауы – СІЗДЕР үшін!

Өтінімдер 11 сәуірден 15 тамызға дейін қабылданады.

Ереже

Құрметті әріптестер!

Байқау өтеді. Сіздерді байқауға қатысуға шақырамыз!

Қандай байқау дейсіз бе?

Егер де, сіздің қолыңыздан буктрейлер жасау келсе, асығыңыз, қапы қалмаңыз!

Бұл байқау жазушы, этнограф-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына арналады.

Осы мерейтой аясындағы «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафон бағдарламасындағы «Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін» атты Қарағанды облысының кітапханашылары арасындағы буктрейлер байқауы.

Байқау ЕРЕЖЕСІМЕН таныс болыңыздар! Жас ерекшелігі шектелмейді.

#karlib#Aqseleu80krg#Ақселеу80Қарағанды#booktrailerkrg

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Абай ауданының ОКЖ

Ақтоғай ауданының ОКЖ

Аққыз

 

Бұқар жырау ауданының ОКЖ

{youtube}https://www.youtube.com/watch?v=2T8Kt9t--Sk{/youtube}

{youtube}https://www.youtube.com/watch?v=VH3HeA7w4B4{/youtube}

Жаңаарқа ауданының ОКЖ

{youtube}https://www.youtube.com/watch?v=ANhpydEr8Rs{/youtube}

Серпер кітабы

"Аққыз"

Қаражал ОКЖ
 
{youtube}https://www.youtube.com/watch?v=-a_nfVPFYkQ{/youtube}
 
Қарқаралы ауданының ОКЖ

 

Нұра ауданының ОКЖ
 
 
 
 
 
 
Приозерск ОКЖ

{youtube}https://www.youtube.com/watch?v=IpTYXr4xDzI{/youtube}

Саран ОКЖ

{youtube}https://www.youtube.com/watch?v=dwKyBxq1dRc{/youtube}

Сәтбаев қаласының ОКЖ

 

Аққыз повесі

Шахтинск қаласының ОКЖ

Шет ауданы ОКЖ

 
{youtube}https://www.youtube.com/watch?v=stGr6YSsCZA{/youtube}
 
 
Бүгін кітапханамызда Қарағанды облысының дін істері басқармасының теолог маманы Турапбай Марат Нұрғалиұлымен кездесу өтті. @din.qaragandy
Кездесу барысында радикалды діни ағымдардың іс-әрекетінен сақтану, деструктивті діни ағымдардың қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына төндіретін қаупі жайлы ақпарат беріліп, бейнефильмдер көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері дін жөнінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қонақты қордағы араб тілінде жазылған көне әдебиеттермен таныстырды.