Бірлігіміз – берік, келісіміміз – келісті: Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына : библиогр. көрсеткіш / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. : А.К. Карашова. – Қарағанды. – 2014. – 22 б.
2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толды.
Әлемде баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20 жылдық даму жолында ұлтаралық келісім институты тұрғыда нығайып, халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды, консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды.
Тұрақтылық пен толеранттылықтың, ырыс пен ынтымақтың ұйытқысындай болған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы бүкіл Қазақстан халқы үшін тарихи оқиға, мерейлі мереке болып отыр. Осыған байланысты назарларыңызға «Бірлігіміз – берік, келісіміміз –келісті» атты библиографиялық көрсеткіш ұсынамыз.
Көрсеткіште дербес институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жүрген жолы, оның жеткен жетістіктері мен шыққан биіктері еліміздің даму даңғылындағы айтулы оқиғалармен тығыз астасып жатқаны жайлы айтылған. Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы мағлұмат берілген, әр бөлім соңында әдебиеттер тізімі ұсынылған.
Библиографиялық көрсеткіш жалпы оқырман қауымға арналған.