«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының материалдары

«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының материалдары 2014 жыл 5-6 қараша. /Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК; құрастырушы В.И. Пак – Қарағанды, 2015. – 78 бет

2014 жылы 5-6 қараша күндері Қарағанды қаласында Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті.

«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының салтанатты ашылуы академиялық музыкалық комедия театрында өткізілді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Жыр-Жауһар: әдеби көркем журнал  / Қарағанды обл. әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст.: Г.А. Ибраева, Р. Қабидолдин, А. Сагитова. – Қарағанды, 2012. - №1. – 98 б.

Қаламыздағы бас кітапхананың іргесінде құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы жыр жазатын жас ақындардың бірлестігі ғана емес, сонымен қатар, қазақ поэзиясын сүйетін, Алаш ақындарының жырларын құныға оқитын жастар үшін жұмыс жасайтын орта.  «Жыр-Жауһар» поэзия клубының бес жылдығына және Тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерейтойына  арнайы шығарылған жас толқынның жауһар жырларын оқырман қауымға жеткізетін әдеби көркем журналда  жас ақындардың мерзімдік баспаға шыққан жəне жеке шығармашылығындағы үздік шығармалары басылады.

Қарағандыдағы алғашқы кітапхана: тарих беттерінен. 1934-2009 = Первая библиотека Караганды: страницы истории.1934-2009 : жинақ Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының 75 жылдық тарихына арналған / Қарағанды облысының Мәдениет басқармасы, Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы ; құраст. В. И. Пак. - Қарағанды : Гласир, 2009. - 247 б. : фот.

Бұл «Қарағандыдағы алғашқы кітапхана» жинағы Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының 75 жылдық тарихына арналған және кітапхана тарихы туралы ұмытылған немесе бұрын белгісіз болып келген жеке-жеке материалдарды бір жүйеге келтіруге талпыныс, сондай-ақ кезінде арнаулы білімдері болмаса да  әрқашан кәсіби және адами жоғары деңгейде болған кітапханашылар туралы.

Ертеректе кітапхананың мерейтойлары туралы негізінен шағын ғана ақпараттық материалдармен шектелгенін атап өткен жөн. Алғашқы сондай материал 1973 жылы «Индустриальная Караганда» газетінде берілген. Сонымен қатар біздің кітапхананың тарихы туралы Қарағандылық белгілі журналист И.А.Ляховскаяның бірнеше мақалалары жарияланған. Іс жүзінде тек осы материалдар бойынша ғана кітапхана тарихының негізгі кезеңдерін анықтауға болады.