Құрметті кітап сүйер қауым!

Заңның әрбір әрпінен ауытқымай қызмет ететін маман иесінің кең тақырыптарға барып көлемді зерттеулер жүргізіп, тарих пен әдебиетті еркін игеріп кәсіби дәрежеде кітап жазуы – үлкен құбылыс.

Павлодар облысының Ертіс қаласында 1955 жылдың 3 қарашасында дүниеге келген Марат Ақторғайұлы Азбанбаев Қарағанды облыстық сотында судья болып қызмет атқарады. Дегенмен, өз жұмысын әдебиетпен ұштастырған қаламгердің туындылары қазақтың құнарлы тілін, ділін, құнды қара өлеңін, туған ұлтының жанашыр ұлтжан азамат екендігін айғақтайды.

Әдебиет әлеміне өзіндік стилі, үні, айтар ойын кәсібіне сай дәйектерімен жеткізе білетін тағылымды тың қаламгер Марат Ақторғайұлы Азбанбаевтың туындыларын, құрметті оқырман, Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

67.0(5Қаз)

А 29

Азбанбаев, М. А.

Әділ, әсем әлем [Мәтін] : ғылыми-құқықтық  мақалалары / М. А. Азбанбаев. - Караганда : ТОО "Арко", 2005. - 215 б. - ISBN 9965-442-30-4

Бұл кітапта автордың 2004-2005 жылдары жазған ғылыми-құқықтық мақалалары жинақталған.

81.2

А 29

Азбанбаев, М. А.

Қарқабат [Мәтін] = Каркабат = Karkabat / М. А. Азбанбаев. - Қарағанды : [б. ж.], 2008. - 247 б. - ISBN 978-601-204-015-9 (мұқ.)

Қарқабат. Махабат. Қазақ тарихында аты ел ұранына айналған аналар жайында аңыз көп. Кітапта аналар мен аталар, атақтар мен ат-атаулардың негізінде қазақ сөзінің түп-төркіні, тегі зерттелген. Сөз сот, судья, құқық жайында.

63.3(5Қаз)

А 29

Азбанбаев, М. А.

Менің Қазақстаным - Жұмекен [Мәтін] / М. А. Азбанбаев. - Қарағанды : Арко, 2005. - 243 б. - ISBN 9965-442-25-8

Автор бұл еңбегінде еліміздің әнұранына айналған "Менің Қазақстаным" әнінің шығу тарихын тілге тиек ете отырып, ақын Жұмекен Нәжімеденовтің өмірін, өнерін, еңбек жолын, шығармашылығын зерттеген.

83.3(5Қаз)6   

А 29

Азбанбаев М. А.

Мықты қазақ және Игорь полкі туралы жыр/М. А. Азбанбаев.- Астана: Фолиант, 2013.- 297 б. - ISBN 978-601-299-019-5

Бұл кітапта автордың өзге тілдерден тікелей аударған шығармалары мен өзінің жеке көркем туындылары берілген.

81.2

А 35

Азбанбаев, М. А.

 Абай и Слово о полку Игореве [Текст] / М. А. Азбанбаев. - Қарағанды : б.и., 2009. - 276 с. - ISBN 978-601-204-036-4

Бұл еңбегінде автор адамзаттың тілі бір деген теория негізінде, түзу, тура сөзбен өрілген Абай сөзіне және "Игорь полкі туралы жырдың" жаңа көзқарастық талдауын ұсынған.

Моос, О. И.   Могучее слово // Индустриальная Караганда. - 2013. - 7 дек. (№ 175/176). - С. 5.

Марат Ақторғайұлы Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен тығыз шығармашылық байланыста. 2006 жылы кітапхана жанынан ашылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының тұсаукесерінде болып, осы клубтың жұмысына ақ жол тілеген азаматтың бірі. Кітапхана мен кітаптың, аталмыш поэзия клубы мен жас ақындардың нағыз жанашыры.

Автор "Қарқабат" атты еңбегінде кітапхана ұжымына өзінің алғысын былай білдіреді:

Исследование от части происходило в библиотеке имени Н. В. Гоголя г. Караганды. Хочу выразить библиотекарям благодарность за их труд, терпение и любовь:

Директор - Шаймухамбетова Жанна Кәкібайқызы, ее заместитель Пак Валентина Иосифовна, библиографы - Быхина Нұрбану, Қосыбаева Айгуль Оразғалиқызы, Хаирова Раиса Алимжановна, Абеуова Бақыт Қазалықызы, Ярцева Эльмира Каратаевна, Баймурзина Шолпан Сейтқалиқызы, Карпунина Людмила Сергеевна, Ротнова Ирина Ивановна, Кирсанова Екатерина Борисовна, Оспанқұлова Балжан Зейнелқызы, Телпекбайева Сандуғаш Орынбайқызы, Долженко Галина Петровна.

Низкий поклон всем библиотекарям мира от благодарного читателя

24.08.2005-24.08.2008 гг..

Кітапхана ұжымы авторға зор ризашылығын білдіре отырып, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, тың еңбектер тілейді.