22 сәуірде кітапханада «Кітапханалардың қызметін жаңғырту» атты облыстық семинар гибрид форматта өтті.

Отырысқа Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық мәдениет және өнер бөлімінің маманы Е. Теплюк, онлайн форматында Астана қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Г. Мадибаева (Яндекс. Телемост платформасында) және облыстық кітапханалардың басшылары, қалалық, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің басшыларымен әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында кітапханаларды заман талабына сай жаңғырту, тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы атап өткен мәселелері қарастырылып, талқыланды.

Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90-жылдық мерейтойы аясында 17 сәуір күні оқу залдары бөлімінде «Менің өмірімдегі кітапхана» атты кезекті екінші кездесу кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты - облыс тұрғындарын, ең алдымен, кітапхананың оқырмандары мен серіктестерін мерейтойды өткізуге ат салысуға шақыру. Кітапхананың ақпараттық, білім беру және мәдени-демалыс мекемесі ретінде беделін арттыру.

11 сәуір күні облыстық кітапханада «ZERDE» әдеби-мәдени клубының аясында ақын, облыстық, республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері,

Жұмабек Тәшенов атындағы сыйлықтың иегері поэзия әлеміне өзіндік үн қосқан Хасен Кәмшаттың шығармашылығына арналған «Мөлдір сезім» атты  кездесу кеші өтті.

Кештің мақсаты: рухани және интеллектуалдық дамытудың көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту, кітап оқуды насихаттау. Отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту, өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттырып, шығармашылығын дамыту.

Ғұлама ғалым: қазақ халқының біртуар перзенті, көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С. Мухамбетчина. – Қарағанды, 2024. – 24 б.

Қазақ халқының бір туар перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ғұлама ғалым ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылған оқымысты, әрі ірі қоғам және мемлекет қайраткері болған ұлтымыздың мақтанышына биыл 125 жыл.

Қазақ даласының осындай алыпты дүниеге әкелуі, ғалымның соңында қаншама игі істердің қалуы жайдан-жай емес. Иә, Қазақстандағы тұңғыш геология ғылымдары институтын ашуы, Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы, Қазақстан ғылымын сол кезде шоқтығы биік деңгейге көтеруі - Қазақ елінің мәнгі өшпес мұрасы.

ЮНЕСКО-ның шешімімен 1999 жыл – қазақ халқының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жылы деп жарияланды. Ендеше бұл - Қанекеңнің мәңгі өлмес есімі мен ешқашан өшпес ғұлама ғалымдығы барша әлем көгінде жарық жұлдыздай жарқырап, егеменді еліне нұрын шашада береді .

Библиографиялық жадынамаға ғалымның өмірбаяны және ол туралы жазылған әдебиеттер мен мақалалар тізімі енгізілді.

Библиографиялық жадынама студенттерге, зерттеушілерге, өлкетанушыларға, әдебиетті сүйетін көпшілік оқырманға арналған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 23 сәуірден бастап 22 мамырға дейінгі кезеңде Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмысы жүргізіледі.

Анықтама:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктеріне ішкі талдаудың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың сапасын арттыру арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Ішкі талдаулар халық пен бизнестің сезімтал меселесіндегі тәуекелдерді анықтап, оны шешуге бағытталған. Аталған мемлекеттік мекемеге қатысты проблемалық мәселелер және ұсыныстарыңыз болса 8-771-982-35-23 (WhatsApp мессенджер) ұялы телефон нөміріне хабарласыңыздар немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жолдаңыздар.