Гоголевка оқырмандарының НАЗАРЫНА!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

2023 жылдың 01 қарашасынан бастап қысқы жұмыс кестесіне көшеді – 09.00-ден 18.00-ге дейін

1992 жылы қазанда Қазақстанның Алматы қаласында Рухани келісімнің 1-інші әлемдік конгресі өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. Сол сәттен бастап Қазақстанда 18 қазан күні Рухани келісім күні деп атап өтіледі.

Қазақстанда ортақ отбасымен 130 этностың және 40 конфессиядан артық өкілдері өмір сүреді. Біздің халықаралық және діни аралық келісімнің моделі - Қазақстанның әртүрлі конфессиялардағы өзара іс-әрекеттердің жалпы әлемдік процесіне нақты үлесі.

Өшпес өнеге иесі: Ұлы Отан соғысының ардагері. жазушы, журналист. Қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С.Мухамбетчина. – Қарағанды, 2023. –11 б.

Классик, детектив жанрының дарабозы Кемел Тоқаевтың өмір тарихы өте қызық. Басынан небір қиын-қыстау заман өткен, қабырғасы қатпаған қаршадай кезінде ата-анадан айырылып, тұл жетім боп қалған кездері бірнеше кітабына арқау болды.

Дарабоз жазушымен қызметтес болған, Әбілфайыз Ыдырысовтың жазушы жайындағы бір әңгімесі қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталыпты. Әбілфайыз Ыдырысов: «Кемел Тоқаев парасатты, жаны сұлу адам еді. Үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайтынды. Кемшілікке төзбейтін, адамның қателігін бүкпесіз бетіне айтады. Менмендік, тәкаппар қылықтан ада, қандай игі істер атқарса да, ешкімге міндет артпай, заманына сай адал еңбек ететін-ді. Бізге Бас редактор болып келген соң тез тіл табысып кетті. Ол өзі білмейтінді сұрап алушы еді. Сондай ақылды адам еді».

Кемел Тоқаевтың өнегелі өмір жолы, еңбекқорлығы мен адами қасиеттері жас ұрпаққа үлгі болуға лайық. Ал оның туындылары әдебиет тарихындағы асыл қазына, өшпес мұра болмақ.

Жадынамада ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, қазақ тілдеріндегі шығармалары, ол туралы кітаптар, мақалалар тізімі берілген. Бұл жадынама Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қорындағы материалдары бойынша жасалған.

Көпшілік оқырман қауымға арналған.

Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 13 қазан күні Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мұрасына арналған облыстық «АлашTime» форум-байқауы өтті.

Форум-байқау кітапхананың бірінші қабатында орналасқан «Әлихан Бөкейхан – дәуір тұлғасы» атты диалог-көрмесімен ашылды. Ашылу салтанатында тарихшы ғалым, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекова, ұлағатты ұстаз, Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Әлихан Бөкейхан атында мектептің, ауданның есімін беруде үлкен қызмет атқарған еңбек ардагері Тілеуғалы Әміртайұлы құттықтау сөз сөйлеп, форум-байқаудың жұмысына сәттілік тіледі. Абай атындағы мектеп-гимназияның оқушылары Ә. Ілиәш, О. Ерхан, А. Рахметолла, А. Ахметов Алаш қайраткерлерінің Әлиханға арнаған өлеңдерін жатқа айтып, оқырман қауымын жырмен сусындатты.

2023 жылғы 10 қазанда Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жұмакенов Еркебұлан Қайроллаұлы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұжымына жаңа басшыны – осы мекемеге тағайындалғанға дейін Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының басшысы лауазымында жұмыс атқарған Шаймуханбетова Айнур Сакеновнаны таныстырды.