Танысуға асығыңыздар!
Өнер туралы әдебиеттер бөлiмінің кітаптар қоры Е. Каменеваның "Кемпірқосақтың түсі қандай" кiтабымен толықты!
Қолдарыңыздағы кітап өзге кітаптарға қарағанда ерекше. Бұл – сөздік. Ол бейнелеу өнеріндегі әр алуан ұғымдардың мән-мағынасын түсіндіреді.
Кітапта алғашқы қауым суретшілерінің жартасқа салған шығармалары, Ежелгі Грецияның тамаша суретшілері, гравюраның, мозаиканың қалай жасалатындығы, витраж деген не екендігі туралы мағлұматтар берілген.
Сонымен қатар, бұл кітапта күнделікті естіп жүрген көп қолданылатын терминдер жөнінде ғана айтылады. Жас оқырмандардың бейнелеу өнерімен таныса бастауларыңның алғашқы қадамы болып табылады.
Кітаптың "Кемпірқосақтың түсі қандай" деп аталуы да тегін емес. Өнер дүниесі де аспандағы кемпірқосақ секілді сан қилы бояу астасқан нұрлы дүние.
Кітап жас оқырмандарға арналады! Өнермен танысу кісінің көңілін қуанышқа бөлеп, мерейін өсіреді!