Құрметті абзал оқырман!
Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 115 жыл (1904-1973 жж.).
Қастеев Әбілхан 1 қаңтарда 1904 жылы, қазіргі Алматы облысы, Жаркент ауданы, Шеткін ауылында дүниеге келген. ҚазКСР-інің халық суретшісі (1944), ҚазКСР-інің еңбек. сіңірген өнер қайраткері (1942). 1929-36 ж. Алматы каласынданда (Н.Г. Хлудовтан) және Мәскеу қаласыннда (И.И. Бродскийден) көркемсурет студиясында окыды. 1954-56 жылдары ҚазКСР-і Суретшілер одағы басқармасының төрағасы. Оның алғашқы көрмеге қойылған туындылары (1931) "Тігін үстінде", "Мектепке", "Автопортрет", "Көгілдір көйлекті қыз", "Қарындасымның портреті", т.б. Суретшінің "Ғ.Мұратбаев", "А.Құнанбаев", "Ж.Жабаев", "А.Иманов", "Ш.Уолиханов", "К.Әзірбаев" сияқты портреттік туындылары жоғары таным-талғамның ұлгісі. 1956-1960 жылдары Ə.Қастеев "Қазақстан жерінде" деген акварельмен жазылған суреттер бар. Солардың ішінде Теміртаулықтарға арнап жазған суреті де бар. Біздің өлкедегі Металлургтер қаласының құрылыстық нысандарын, тұрмыс-тіршілігін дәл бейнеленген, ол сурет "Теміртаудағы бөгет", "Плотина в Темиртау" (1961 г.) деп аталады. Алдыңғы жағында бөгет, ал алыстан металлургиялық завод және Самарқан су қоймасының көгілдір айдыны көрінеді. Бізге өте жақын және таныс жерлер. Суретшінің қылқаламынан туындаған "Сарыарқа" шығармасы біздің кен – байтақ жерімізді бейнелеген. Әбілхан Қастеев. 4 - 5 сайлау ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты. "Қазан революциясы", 2 мәрте "Еңбек Қызыл Ту", "Қүрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлық. лауреаты (1996). Шымкент каласындағы өнер училищесі (1971), ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы (1983) Қастеевтың атымен аталады. 2004 жылы ЮНЕСКО аясында ұлттық өнеріміздің корифейі Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы атап өтті. Іргелі ұйымның ұйытқы болуымен әлемдік ауқымдағы көрнекті таланттың мерейтойы шеңберінде белгіленген шаралар қазақ халқының өнерің және мәдени мұраларын жаһан жұртшылығына тағы бір паш етті.
Біздің арманымыз Ə.Қастеевтің сурет көрмесі Қарағандылықтар да болашақта тамашалай алса екен. Өнер туралы әдебиеттер бөлімі оқырмандар назарына кітап көрмесін ұйымдастырды, ол көрмеде халық суретшісінің шығармашылығына арналған әдебиеттермен мерзімді басылымдар бетіне шыққан мақалалармен таныса аласыздар.
Әдебиеттер тізімі
Кітаптар:
- Әбілхан аға [Мәтін] / құраст. Б. Асылжанов. - Алматы : Жалын, 2003. - 288 б.
- Әбілхан Қастеев [Мәтін] = Абылхан Кастеев: кескіндеме, графика / Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі ; ред.: Р. Алтынбекова, С. Искакова. - Алматы : Елнұр, 2005. - 154 б. : граф., фот
- Әбілхан Қастеев (1904-1973) [Мәтін] : ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Абылхан Кастеев (1904-1973) : Рекомендательный библиографический указатель / құраст. Ш. Б. Үсенбаева , А. Б. Ракишева. - Алматы : [б. ж.], 2007. - 90 б. - (Қазақстан өнері). - 150.00 тг.
- Әбілхан Қастеев [Мәтін] = Абылхан Кастеев = Adilhan Kasteyev : репродукциялар альбомы / құраст. Л. Г. Плахотная. - Алматы : Жалын, 1978. - 156 б.
- Әбілхан Қастеев [Мәтін] = Абылхан Кастеев = Abylkhan Kasteev : [альбом] / бас ред. Е Нұразхан. - Алматы : Өнер, 2004. - 160 б. - (Мәдени мұра).
- Бөриев, Ә. Арманына жолыққан адам [Мәтін] : ғұмырнама / Ә. Бөриев ; рец. Ұ Доспанбетов. - Алматы : Өнер, 1982. - 186 б.
- Бопышева, К.С.Қазақ тілі [Мәтін] : оқу құралы / К. С. Бопышева ; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынады. - Астана : Фолиант, 2015. - 175 б.
- Дала бекзатының үйінде [Мәтін] : (XІX ғасырдағы орыс жазушылары қазақтар туралы) / құраст. Ә. Жұмабаев. - Астана : Аударма, 2003. - 520 б. - (Тарих.Таным.Тағдыр).
- Дамылсыз даму және жан азығы [Мәтін] : [жинақ] / Б. Қожырұлы. - Алматы : Елтаным, 2011. - 238 б. : түрлі-түсті фотосурет., портр.
- Джамбул в изобразительном искусстве [Текст] = Жамбыл бейнелеу өнерінде : альбом / сост. Л.Г. Плахотная. - Алма-Ата : Өнер, 1989. - 144 с.
- Дінисламов, Ф. Әбілхан Қастеев [Мәтін] / Ф. Дінисламов. - Алматы : Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1964. - 99 б.
- Жақсыбаев, А. Жаны жайсаң жақсылар [Мәтін] : естеліктер, сапарлар, ой-толғамдар / А. Жақсыбаев ; ред. А. Ашанова. - Алматы : Білім, 2006. - 270 б. - (Әдеби мемуарлар).
- Ешимов, М.П. Қазақ әдебиеті мен мәдениеті [Мәтін] : шетелдік және өзге тілді азаматтарға арналған оқу құралы / М. П. Ешимов ; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. - Алматы : Қазақ университеті, 2012. - 104 б.
- Искусство Казахской ССР [Мәтін] = Қазақ ССР-нің өнері = THE ART OF SOBІET KAZAKHSTAH. - Л. : Аврора, 1972. - 362 б. - (в пер.) : 1.68 с.
- Кекілбайұлы Ә. Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы [Текст] / Ә. Кекілбайұлы. - Алматы : Жазушы, 2010 - 2013. - 12 т. : Мерей сөз : көзі жоқ замандастар хақында. - 2011. - 376 б.
- Нығмет, Ж. Н. Қазақ тілі хрестоматиясы [Мәтін] : оқу құралы / Ж. Н. Нығмет. - Алматы : "Білім", 2003. - 392 б.
Мақалалар:
- Әбілда Қ. Портреттер шеруі [Мәтін] : ["Қазақстан суретшілерінің мұрасы" атты көрме өткені туралы] / Қ. Әбілда // Егемен Қазақстан. - Астана, 2018. - 6 наурыз (№ 45). - 12 б.
- Бегалиева С. Әбілхан Қастеев [Мәтін] / С. Бегалиева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - Алматы, 2015. - № 9. - 142-143 б.
- Дәуіт О. Қазақ суретшілерінің картинасы қаншалықты құнды? [Мәтін] / О. Дәуіт // Жас Алаш. - Алматы, 2017. - 13 мамыр (№ 38). - 4 б.
- Ибраева Ү. Абай әлемі - бейнелеу өнерінде [Мәтін] : [Абай туындылары туралы] / Ибраева Ү. // Егемен Қазақстан. - Астана, 2018. - 3 қазан (№ 187). - 10 б.
- Исақова Т. Әбілхан Қастеев [Мәтін] / Т. Исақова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - Алматы, 2015. - № 5. - 16-22 б.
- Исақова Т. Қ. Пейзаж "Шуақты көктем" [Мәтін] / Т. Қ. Исақова // Бейнелеу өнері, еңбекке баулу музыка және сызу мектепте. - Алматы, 2016. - № 1. - 9-10 б.
- Октябрь А. Дүрия даланың оятқан "Түрксіб" [Мәтін] / А. Октябрь // Егемен Қазақстан. - Астана, 2018. - 5 маусым (№ 103). - 11 б.
- Қайрамбаева М. Қастеевтің беймәлім туындысы [Мәтін] / М. Қайрамбаева // Егемен Қазақстан. - Астана, 2015. - 14 қаңтар (№ 7). - 4 б.
- Құттымұратұлы Қ. Қастеевтің Оралдағы қолтаңбасы [Мәтін] / Қ. Құттымұратұлы // Егемен Қазақстан. - Астана, 2017. - 5 мамыр (№ 86). - 12 б.
- Нұразхан Е. Ә. Қастеев туындыларындағы этнографиялық ерекшеліктер [Мәтін] / Е. Нұразхан // Мәдени мұра. - Астана : "АГРОБАСПА" ЖШС , 2017. - № 1. - 63-68 б.
- Раушанов Е. Желтоқсан [Мәтін] : [Әбілхан Қастеевтің суреттері туралы] / Е. Раушанов // Қазақ әдебиеті. - Алматы, 2018. - 28 желт.-10 қаңтар (№ 52). - 15 б.
- Төлеген Т. Қастеевтің шөбересі де суретші [Мәтін] / Т. Төлеген // Айқын. - Алматы, 2017. - 25 ақпан (№ 29). - 24 б.