Ақселеу – табиғи қасиетті ұғым екенінде дау жоқ. Осы атау аталғанда, ең әуелі көз алдыңа құлазыған ұлан-ғайыр Ұлы Қазақ даласы келеді, сонан соң арыстар арқасында тарихтан есесі қайтқан көшпелілердің өркениет тарихы бозарып атқан таңдай қылаң береді. Ғалым аға Қазақстанда этнографиялық және этнологиялық ізденістердің жандануына ықпал етіп, "көшпелілердің төлтума мәдениеті" атты категориялық ұғымның орнығуына тегеурінді үлес қосты.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі ұйымдастырған "Көркемдік жайлы терең ой" тақырыбындағы А. Сейдімбектің шығармашылығына арналған кітап көрмесінде көрнекті тұлғаның өнер мен өмір туралы, өнердің төлтумалылығы жайында, әсіресе халықтың тарихи тұлғасын айғақтайтын мәдени-рухани үрдіске қатысты жазылған еңбектері қойылған.
Бұл көрменің басты мақсаты – оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, өнер туралы әдебиеттерді насихаттау, талғамы биік оқырманды А. Сейдімбектің тағылымға толы өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.
Құрметті оқырман, өнер туралы әдебиеттер бөлімінен көрмеде ұсынған мынадай кітаптарды алып оқи аласыздар:
Алаштың Ақселеуі [Мәтін] : Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы / Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті ; құраст. П. Өтепова. - Астана : Фолиант, 2012. - 433 б.
Алаштың аяулы Ақселеуі [Мәтін] : [ақын туралы естеліктер кітабы] / ред. Ә. Күлімбетов. - Алматы : Қазығұрт, 2011. - 294 б. Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар (1934 - 2009) [Мәтін] = Лауреаты государственных премий (1934 - 2009) / Б. Т. Жұмағұлов. - Алматы : Қазақ университеті, 2009. - 392 б.
Жолдасбеков, М. Күнделік сөйлейді [Мәтін] : күнделік / М. Жолдасбеков ; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті. - Астана : Күлтегін, 2012. - 325 б.
Жүсіп, Н. Мың құмырсқа және біз [Мәтін] : [жинақ] / Н. Жүсіп. - Алматы : Алтай медиа, 2016. - 401 б.
Кемел, М. Өзіме сабақ [Мәтін] : ой-қазына антологиясы / М. Кемел. - Астана : Нұра-Астана, 2011. - 380 б.
Қирабаев С. Шығармалары [Текст] : ғылыми басылым / С. Қирабаев ; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев ; ред. Қ. Асанов ; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана : Фолиант, 2013 - (Сарыарқа кітапханасы).- 2 т. : Әдеби зерттеулер, сын мақалалар. - 2013. - 454 б.
Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу [Мәтін] : әдебиеттік зерттеулер мен мақалалар / С. Қирабаев. - Алматы : Балауса, 2010. - 318 б.
Қалибекова, С. Ж. Ақселеу Сейдімбектің әдеби шығармашылығы [Мәтін] : автореферат / С. Ж. Қалибекова. - Астана : Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. - 24 б.
Қазақстан халқы [Мәтін] : энциклопедия / ред. Ж. Н. Тойбаева. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2016. - 484 б.
Сейдімбек А. Шығармалары [Текст] : алты томдық / А. Сейдімбек. - Астана : Фолиант, 2010 - . - (Таным-Дария).- 1 т. : Повестер, әңгімелер, ертегілер, сценарийлер, очерктер, ән-күйлер / алғы сөздін авт. Қ. Салғараұлы. - 2010. - 780 б.
Сәулебек, А. Қамшысөз [Мәтін] : публицистикалық мақалалар / А. Сәулебек. - Алматы : Қаламгер, 2016. - 338 б.
Шындалиева, М. Уақыт және суреткерлік шеберлік: жанрлар поэтикасы [Мәтін] : оқу құралы / М. Шындалиева ; ред. Р. Н. Нұрғали. - Астана : Нұра-Астана, 2008. - 288 б.
Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Д. Ысқақұлы ; Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ақпарат және Мұрағат комитеті. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 493 б.
Қазақ мәдениеті мен өнерінде есімі ерекше аталатын дара тұлға
өмірімен таныс болыңыздар!
Келіңіздер, оқыңыздар!