Құрметті оқырмандар, өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздердің назарларыңызға Қазақстан өнер майталмандары және мерейтой иелері туралы шағын шолу ақпаратын ұсынады. Шолудан 2017 жылы аталып өтілетін мерейтой иелері жайлы көп қызықты мағлұмат оқып біле аласыздар.
Композитор, педагог, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның және
КСРО халық артисі Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 85 жыл (1932 -2013 жж.)
Рахмадиев Еркеғали 1932 жылы Семей қаласында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1952 жылы Алматы музыка училищесін, 1957 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді. 1957-1958 жылдары Москва қаласында КСРО Композиторлар одағы жанындағы жетілдіру курсында оқыды.
Композитор өз шығармашылығында қазақтың халық музыкасының бай мұрасы мен классикалық музыка өнер жетістіктерін шебер пайдалана білді. Е. Рахмадиевтің симфониялы опералық, вокалды – аспаптық, камералық шығармалары профессионалды ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, оның жанрлық салаларын байытты. Ол симфониялық шығармаларында қазақ күйлерін жаңашылдықпен қолданып отырды.
Кең тынысты, асқақ әуенді «Таң самалы», «Туған ел», «Өз елім» ән-романдарының авторы. Еңбек қызыл Ту және Халықтар достығы орденімен марапатталған.
Оқуға ұсынылған әдебиеттер тізімі
Әзірбаев, К.Шырқа, даусым [Мәтін] : әндер / Құр. Қыдырбекова Б. - Алматы : Өнер, 1984. - 204 б.
Қазақ вальсі [Мәтін] : қазақстан композиторларының әндері / құраст. Д. Мүсіров. - Алматы : Өнер, 1982. - 78 б.
Мұхамеджанов Қ.Таңдамалы шығармалар [Текст] : үш томдық / Қ. Мұхамеджанов. - Алматы : Атамұра, 1998.
1-том : Пьесалар. Портреттер. Өнер жайлы ойлар. - 320 б.
Рахмадиев, Е.Время и музыка [Текст] : статьи, очерки, размышления / Е. Рахмадиев. - Алма-Ата : Өнер, 1986. - 216 с.
Шаттық отаны [Мәтін] : клавир / құраст. А. Молодов, Г. Ахметова. - Алматы : Өнер, 1983. - 108 б.
Композиторы советскогоКазахстана [Текст] : сборникстатей / Кельберг, А. - Алма-Ата : Казгосиздхудлит, 1958.
Композиторы Казахстана [Текст] : сборникочерков. Вып. первый / ред., coст. Ахметова М. - Алма-Ата : Жалын, 1978. - 148 с.
Бейсембек, Т.Сиқырлы музыка [Мәтін] : [жыр жинағы] / Т. Бейсембек. - Астана : Фолиант, 2016. - 204 б.
Опера әншісі, Қазақстанның халық артисі
Сұлтан Байсұлтанов 70 жаста (1947 ж.)
Байсұлтанов Сұлтан 1947 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ұлты – чешен. 1978 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік консерваториясының вокальдық факультетін бітірді. Еңбек жолын Грозный қаласындағы қуыршақ театры құрамында артист болудан бастады. 1979 жылдан Қазақтың мемлекетті академиялық опера және балет театры группасында әнші болып, қазақ композиторларының операларын, сондай-ақ дүниежүзілік классикалық музыкалық туындыларында басты партияларды өзінің жанға жайлы, жұмсақ, әдемі даусымен шебер орындады. Гастрольдік сапармен Оңтүстік Кореяда, Кипрде және Солтүстік Кореяда өнер көрсетіп, сол елдерде өткен фестивальдар лауреаты атанды.
Биші, педагог, Қазақстанның халық артисі
Шара Баймолдақызы Жиенқұлованың туғанына 105 жыл (1912-1991 жж.)
Шара Жиенқұлова 1912 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1929-1930 жылдары ҚазПИ-дің тарих факультетін оқыды. Сахналық жолын оқып жүрген кезінде қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры группасынан бастады. Тұңғыш ойнаған ролі – Б.Ж. Майлиннің «Майдан» спектакліндегі Пүліш. Б. Майлиннің «Шұға» спектаклімен кәсіби сахнаға шыққан Шара Қазақстан хореография өнерінің жарық жұлдызына айналды.
Бұдан кейін Еңлік, Қарагөз (М.О.Әуезовтің «Еңлік – Кебегі» мен «Қарагөзінде»), Ольга (В.М. Киршонның «Астығында») т.б рольде ойнады.
Табиғатынан сұлу, тал шыбықтай әсем денелі қыз Алматы қаласына биші ретінде таныла бастайды. Сол кездерде оны қалада өтетін әртүрлі эстрадалық концерттерде би билеуге шақыратын.
Шара Жиенқұлова - сахналық образдың пластикалық шешімі мен оның ішкі сұлулығына баса назар аударатын,қазақ әйелдері арасынан қайталанбас зор табиғи шығармашылық талантымен жарқырап шыққан тұңғыш биші.
Оқуға ұсынылған әдебиеттер тізімі
Брусиловский, Е.Дүйім дүлдүлдер [Мәтін] / Е. Брусиловский ; ауд. С. Байжанов. - Алматы : Ана тілі, 1995. - 224 б.
Құмарова, Ш.Сезім патшалығы [Текст] : роман / Ш. Құмарова. - Алматы : Ана тілі, 2004 - 2-кітап. - 288 б.
Қожырұлы, Б.Рухани байлық [Мәтін] : [жинақ] / Б. Қожырұлы. - Алматы : Елтаным, 2012. - 399 б.
Қазақ биі [Мәтін] = Казахскийтанец :фотоальбом / құраст. К. Диярова. - Алматы :Өнер,2012.-319 б.
Сейдімбек А.Шығармалары [Текст] : алты томдық / А. Сейдімбек. - Астана : Фолиант, 2010. - 5 т. : Мақалалар, пікірлер, сұхбаттар. - 2010. - 873 б.
Жүз жиырма тұңғыш [Текст] : [жинақ] / құраст. Б. Нұржеке-ұлы. - Алматы : Жалын баспасы, 2015 - 2 т. : [проза]. - 380 б.
Әнші, Қазақстанның халық артисі Мұрат Хасенұлы Мұсабаевтың
туғанына 80 жыл (1937-1993 жж.)
Мұрат Хасенұлы Мұсабаев 1937 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін бітірді. 1962 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі болды.
М.Хасенұлы концерттік номерімен де кеңінен танымал бола бастады. Репертуарында қазақ және шетел композиторларының ән - романстары бар. Гастрольдік сапармен Монғолияда, Германияда, Канадада, Бат, Берлинде, Швецияда, Швейцарияда, Австрияда, Финляндияда елдерде болды. 1965 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында мұғалім болып қызмет жасады, 1979 жылдан бастап доцент болды. М.И. Глинка атындағы Бүкілодақтық вокальшылар конкурсының лауреаты атанды.
Киносуретші, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері
Ыдырыс Есенғалиұлы Қарсақбаев 85 жаста
Ыдырыс Есенғалиұлы Қарсақбаев 1932 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1959 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген, ал 1959 – 1962 жылы Москваның мемлекеттік киноматография институтының көркемсурет факультетінде оқыды. 1962 жылдан «Қазақфильм» студиясында суретші, 1981 жылдан оның бас суретшісі болып қызмет атқарды. Қарсақбаев Ы.Е. суретші ретінде қатысқан көркем фильмдері: «Ән қанаты», «Балалық шаққа саяхат», «Менің ағам», «Орман балладасы», «Отқа оранған Орал», «Таңдау», «Транссібір экспресі» 1978 жылы ҚазКСР-і мемлекеттік сыйлығын, сондай-ақКарлови-Вариде өткен Халықаралық және Ереван қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальдың жүлдесі берілді, ал 1979 жылы «Қан мен тер» киносы үшін Ашғабад қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальдың жүлдесі мен КСРО ХШЖК-нің алтын медалына ие болды.
Қазақ мәдениеті мен өнерінде есімдері ерекше мақтанышпен
аталатын дарынды талант иелерінің өмірімен таныс болыңыздар!
Келіңіздер! Оқыңыздар!