Құрметті оқырмандар, өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздердің назарларыңызға Қазақстан өнер майталмандары және мерейтой иелері туралы шағын шолу ақпаратымызды ұсынамыз. Шолудан 2017 жылы аталып өтілетін мерейтой иелері жайлы көп қызықты мағлұмат біле аласыздар.

Әнші, Қазақстанның және КСРО халық артисі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 95 жыл (1922-2011 жж.)

Бағланова Роза Тәжібайқызы 1922 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. Әнші, ҚазКСР-інің және КСРО халық артисі, Халық қаһарманы. Қазақ әншілік мектебінің белгілі өкілдерінің бірі.

Әнші өнер жолын Өзбек филармониясының мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әншіліктен бастады. 1947-1949 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, 1949-1960 жылдары Қазақ филармониясында қызмет етті. 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші - солисі болды. Роза Бағланованың репертуарында ТМД елдерінің, сондай-ақ шетел халықтарының әндері бар. Ұлы Отан соғысы жылдары концерттік бригада құрамында болып, майдандағы жауынгерлерге мәдени қызмет көрсетті. 1957 жылдан гастрольдік сапармен Венгрияда, Германияда, Қытайда, Польшада, Чехословакияда, Ауғанстанда, Үндістанда, Австрияда, Бельгияда, Бирмада, Швецияда, Канадада т.б. елдерде болды. 1946 жылы Москвада Эстрада артистерінің Бүкілодақтық 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Будапеште өткен Жастар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік 2- фестивалының лауреаты атанып, халық әндерін шебер орындаған үшін арнаулы жүлде алды. Ал 1985 жылы Москвада өткен Жастар мен студенттердің Бүкіл дүниежүзілік 12-фестивалының құрметті қонағы болды. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл ту және Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.

Бодықов О. Жайдарман [Мәтін] / О. Бодықов, 1993. - 176 б.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  • Қазақстан өнері [Мәтін] : Жылнама - 1980 / құраст. Ж. Дәуренбеков, 1982. - 104 б.
  • Майшекин М. Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / М. Майшекин, 1959. - 139 б.
  • Тәжібаев Б. Біздің Роза [Мәтін] / Б. Тәжібаев, 1969. - 76 б.
  • Қазақ өнері [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. М. Арын , 2002. - 800 б.

Театр сыншысы, аудармашы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшірбек Төребайұлы Сығайдың туғанына 70 жыл (1947- 2014 жж.)

Әшірбеков Сығай Төребайұлы 1947 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Сыншы, жазушы, аудармашы, педагог, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Кентау және Түркістан қалаларының құрметті азаматы.

1969 жылыАлматы мемлекеттік консерваториясындағы театр факультетінің актер бөлімін, ал 1979 жылы Москва қаласындағы мемлекеттік театр өнері институтының аспирантурасын бітірді. 1974-1978 жылы ҚазКСР-і Мәдениет министрлігінде театр бөлімінің бастығы, 1978-1979 осындағы өнер басқармасының бастығы әрі коллегия мүшесі, 1979-1983 жылы Қазақстан КА Ок-нің  мәдениет бөлімінде нұсқаушы, 1989-1991 жылы Алматы мемлекеттік театр және кино институтының ректоры, 1991-1994 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 1- орынбасары болып қызмет атқарды. 1994 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясындағы өнертану кафедрасының профессоры болып қызмет жасады.

1967 жылдан бастап театр өнері жайлы мақалалары республикалық мерзімді басылым беттерінде жариялана бастады. Ол "Іңкәр шақ", "Сыр сандық", "Сахнаға сапар", "Жарнама алдындағы ой", "Сахна саңлақтары" кітаптарының авторы.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  • Жұмабек С.Е. Сын әуені [Мәтін] :Әдеби ой-толғаныстар / С.Е. Жұмабек, 2001.- 288б.
  • Сығай Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Ә. Сығай, 1998. - 510 б.
  • Сығай Ә. Театр тағылымы [Мәтін] / Ә. Сығай, 2003. - 320 б.
  • Сығай Ә. Сәбира Майқанова [Мәтін] / Ә. Сығай ;ред. Н Оразбек, 2007. - 224 б.
  • Сығай Ә. Актер әлемі [Мәтін]. 1 том / Ә. Сығай, 2008. - 271 б.
  • Сығай Ә.  Сахна әлемі [Мәтін]. 2 т, 2009. - 335 б.
  • Сығай Ә. Райымбек Сейтмет [Мәтін] : Ғұмырнамалық деректі хикаят / Ә. Сығай, 2009. - 198 б.
  • Сығай Ә. Таңғажайып театр [Мәтін] : эсселер / Ә. Сығай, 2014. - 479 б.
  • Сығай Ә.Жансарай [Мәтін] : сыр-сұхбаттар / Ә. Сығай, 2015. - 431 б.
  • Қазақ өнері [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. М. Арын , 2002. - 800 б.

Актриса, Қазақстанның және КСРО халық артисі Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл (1917-2011 жж.)

Бөкеева Хадиша 1917 жылы21 ақпандақазіргі Батыс Қазақстан облысы Казталовка селосында дүниеге келген. Актриса, ҚазКСР-інің және КСРО халық артисі. Әке - шешесінен ерте айырылған актриса интернатта тәрбиеленді. Алғашқы сахналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастады. 1932-1934 жылы Алматы медициналық институтының даярлық курсында оқып жүріп, қазақ радиокомитетінде әнші болып та қызмет атқарды. 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының қазақ студиясын бітірді. Сол жылы Шымкент облысындағы қазақ драма театрының құрамында қабылданды. Оның осы сахнада тұңғыш ойнаған ролі – Ф. Шиллердің "Зұлымдық пен махаббат" трагедиясындағы Луиза және А. Н. Островскийдің "Кешіккен махаббатындағы" Людмила. Сондай-ақ ол Ұлы Отан соғысы жылдары Шымкентке уақытша көшіп келген Москваның Моссовет атындағы театры спектакльдерінен – А.Н. Афиногеновтың "Қарсаңда" пьесасында Жамалдың ролін орындады. 1942 жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына ауысты. Орыстың мемлекеттік академиялық драма театрының спектакльдеріне де катысты.

Хадиша Бөкеева У. Шекспирдің қазақ сахнасында қойылған "Асауға тұсауында" Катарина ролін алғаш ойнаған актриса. Ол комедиялық және трагедиялық рольдерде бірдей өнер толғаған әр қырлы, диапазоны кең суреткер. Өзі ойнайтын кейіпкерлердің ішңі сезім дүниесін, қайшылыққа толы күрделі ой –мінезін терең ашып көрсетумен қатар оның сахналық бояуын әсерлі етіп бейнелеушілік – актриса шығармашылығының ерекшелігі.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  • Латиева С. Хадиша Бөкеева [Мәтін] : Деректі повесть-эссе / С. Латиева, 2002.- 224 б.
  • Нәсенов Б. Абыралы сұңқарлары [Мәтін] : III бөлім. 4-кітап / Б. Нәсенов, 2002.-757 б.
  • Сығай Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Ә. Сығай, 1998. - 510 б.
  • Фарида Шәріпова [Мәтін] / ред. Е. Ералы, П. Жеменейқызы, 2006. - 200 б.
  • Сығай Ә. Актер әлемі [Мәтін]. 1 том / Ә. Сығай, 2008. - 271 б.
  • Қазақ өнері [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. М. Арын , 2002. - 800 б.
  •  

Композитор, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дүнгенбай Ботбаев 90 жаста (1927 ж.)

Ботбаев Дүнгенбай Ботбайұлы – танымал композитор, 1927 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысының Мерке ауылында дүниеге келген. Алматы консерваториясында домбыра класы бойынша доцент Ш.С. Қажығалиевта, кейін композиция класы бойынша Е.Ж. Брусиловскийде бітірді.

1947 – 1951 жылдары Қазақ радиосының ұлт аспаптар оркестрінде домбырашы болып, ал кейін 1951- 1967 жылдары Алматы музыка училищесінің халық бөлімінде оқытушы болып жұмыс істейді.

Композитор өз шығармашылығында камералық жанрларға жақын. Оның музыкалық тілі халық әндері мен домбыралық импровизация   дәстүрімен тығыз байланысты, ал музыкалық стиліне әуеннің шалқыта айтылуы, жанрлық суреттеме жатады.

Ботбаев Дүнгенбай фортепьяноға арналған 5 және 6 балалар пьесасын, эстрада оркестріне арналған сюита мен увертюра, халық әні тақырыбына жазылған "Толқыма" атты вариация, соната, хорға арналған "сәлем саған", "Қайран жастық", романстар, әндер, спектакльдер мен фильмдерге арнап музыка жазды.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  • Композиторы Казахстана [Текст] : [творческие портреты композиторов Казахстана] / сост. Н. С. Кетегенова ; ред. А.С. Нусупова. Т. 1 / Комитет информации и архивов Министерства культуры и информации Республики Казахстан, 2012.
  • Қазақстан өнері [Мәтін] : Жылнама - 1980 / құраст. Ж. Дәуренбеков, 1982. - 104 б.
  • Қазақ өнері [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. М. Арын , 2002. - 800 б.