Құрметті оқырман, ғажайып өнер иесінің сырлы тағдырынан сыр шертетін көрмені көруге асығыңыздар!
Биыл қазақ халқыныңтұңғыш кәсіби дирижері Шамғон Қажығалиевтың туғанына 90 жыл толып отыр.Заманынан ерте туған, өз қатарынан озық болған дарынды өнер иесі артына өлмес мұра қалдырды. Оның өнері қазақ халқының асыл қазынасы, мақтанышы.
Шамғон Сағаддинұлы - дирижер, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, профессор. 1927 жылы 15 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген.
Ш. Қажығалиев 1953 ж. Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы және "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі"Әлемді естіп көр" атты топтамадан "Сиқырлы өнер иесі - музыкант" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрмеде Шамғон Қажығалиев жайлы еңбектер мен мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалалар, өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар ұсынылды. Көрмеден Тілеуғазы Бейсембектің "Өнер саңлақтары", Еркебұлан Мүсіреповтың "Әлемге әйгілі оркестр" атты еңбектеріментаныса аласыздар. Аталған әдебиеттерде өнерді өміріндей көріп өткен тарлан тұлғаның өмірбаяны, шығармалары кеңінен жазылып, баяндалған. Көрменің басты мақсаты – жастарға өнер әдебиеттерін насихаттау, оқырмандарға абзал азамат, көрнекті өнер қайраткері Ш.Қажығалиев туралы ақпарат беріп, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қазақ мәдениеті мен өнерінде есімі ерекше аталатын дара тұлға Шамғон Қажығалиұлының өмірімен таныс болыңыздар! Келіңіздер, оқыңыздар!