Құрметті оқырмандар!
2004 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама халықтың мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлері мен мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасау мен зерттеу жүйесін құруды қарастырады.
Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға 2014 жылы аталып өтілетін мерейтойлық айтулы даталар ішінен жерлес композитор Сыдық Мұхамеджанов пен дәстүрлі әнші Ғарифолла Құрманғалиев туралы кітапхана қорындағы мәліметтерді ұсынамыз.
Есімі ел санасында мәңгі қалған қазақтың біртуар ұлы, жасампаз композиторларының бірі - Сарыарқаның бел баласы Сыдық Мұхамеджановқа биыл 90 жыл толмақ.
С.Мұхамеджанов 1924 жыл Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкен бұлақ деген жерінде дүниеге келген. Туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақан мен Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері композиторға бала кезінен үлкен әсер қалдырды.
Композитор барлық негізгі музыка жанрларын қамтып үлгерді. Дарынды композитор С.Мұхамеджановтың 30 жылдан астам творчестволық шығармашылығының қазақ музыка әлеміне қосқан үлесі ұлан теңіз.
Оқырман қауым! Егер Алаштың ардақты да аяулы ұлы Сыдық Мұхамеджанов жайлы мағлұмат жинақтасаңыз, дарынды композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы білгіңіз келсе, төмендегі ақпарат Сіз үшін:
- Жарылғапов Ш. Өмірді күй құдіретімен өрнектеген... // Заң газеті. - 2009. - 4 маусым . - 8 б.
- Кәріпұлы Ө. Еліне елеулі - Сыдық : Сазгер С. Мұхамеджановтың туғанына - 85 жыл // Орталық Қазақстан. - 2010. - 25 ақпан. - 6 б.
- Қазақстан композиторлары : [анықтамалық] = Композиторы Казахстана : [справочник] / құраст. Қ. Бағысбек. - Алматы : Sansam, 2011. – 151-153 б.
- Тәукенұлы Ы. Қазақтың саңлақ сазгері // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 26 ақпан-4 наурыз. - 5 б.
Ғарифолла Құрманғалиев (1909-1993 ж.) – Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КССР халық әртісі.
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты. Ғ.Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", М.Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады.
1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәрте мемлекеттік марапаттармен бағаланды.
Өнер сүйер қауым! Ғ. Құрманғалиев жайлы толық мағлұмат пен керек ақпаратты, әдебиетті кітапхана қорынан таба аласыздар. Сонымен қатар, Ғарифолла Құрманғалиевтің орындауындағы әндерді тыңдап, музыка әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік барын естеріңізге саламыз.
- Ахметова З. Құрманғалиев Ғарифолла // Педагогика және өнер. - 2009. - № 4. - 27 б.
- Ғарифолла Құрманғалиев туралы естеліктер / құраст. М. Құрманғалиева. - Алматы : Білім, 2009. - 246 б. : фот.
- Ғарифолла-ғұмыр // Дала мен қала. - 2009. - 21 қыркүйек. - 11 б.
- Иманбаева А. Дәуір үні // Мәдениет. - 2009. - № 10. - 5-6 б.
- Қожыров Б. Ғарифолланың ғибратты жолы // Ана тілі. - 2009. - 26 наурыз - 1 сәуір. - 10 б.
- Құсайын Т. Тұғырда тұр қаршығадай Ғарекең // Егемен Қазақстан. - 2009. - 16 қыркүйек . - 8 б.
- Рахметжанов С. "Ғарифолланың нотаға түспейтін өз қағыстары бар" : әнші С.Рахметжановпен сұхбат / сұх. Қ.Серікқызы // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 28 тамыз-3 қыркүйек (№ 37). - 4 б.
- Сейілова А. Қос қанатты өнерпаз // Егемен Қазақстан. - 2009. - 1 желтоқсан. - 16 б.
- Тұрмағамбетова, Б. Ж. Қазақстанның Батыс аймағының ән мәдениеті : [монография] / Б. Ж. Тұрмағамбетова; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. - Алматы : "Тау-Самал", 2009. - 318 б.
- Уалиева Х. Мұхит әндері неге көбейді? : немесе Ғарифолла Құрманғалиев жеткізген "күмәнді" мұра // Түркістан. - 2011. - 24 наурыз. - 11 б.
Құрметті өнер сүйер қауым!
Өнер әлеміне деген іңкәрлік әрбір мәдениетті адам үшін мерейлі мәртебе. Жан сарайын тазарту, талғамды арттырып, танымды кеңейту үшін өнер туралы әдебиеттер бөліміне келіңіздер, оқыңыздар!