"Қос Шынар" атындағы Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Әлияның өмірін зерттеуші Ғалымжан Байдербес батыр қыз жайлы сұхбат беріп, көп мағлұматтан хабардар етті.
Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Әлияның азан шақырып қойған аты Ілия екен, орыстар Лия деп атаған. Әлияны анасы "Ақмоншағым" деп еркелетеді екен.
Анасының қазасынан соң Әлия бір жыл бойы ауылда әркімнің босағасын паналап жүрген. Ақырында оны нағашысы Әбубәкір Молдағұлов қолына алған. Әбубәкір Әлияға өзінің фамилиясын берген.
Ресми деректер бойынша Ә. Молдағұлова 78 фашисті өлтірген. Оның денесі Ресейдің Псков облысында жерленген.
Әлия өзінің алғашқы наградасы – Даңқ орденін 1943 жылы Псков облысындағы Холм қаласы үшін болған ұрыста алады. Қайтыс болған соң 1944 жылдың 4 маусымында "Алтын жұлдыз" медалімен және Ленин орденімен марапатталған. Сонымен қоса Әлияға сол жылы маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әлияның өмірі қысқа болса да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есіңде мәңгі сақталады. Қазір Әлияның есімімен аталатын ескерткіштер, көше, мектеп, музейлер бар. Ақындар Әлияға жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қылқалам шеберлері оның бейнесін салды. Міне, Әлия халқы үшін ерліктің символы болып қала берді.
Қадірменді оқырман, назарларыңызға "Жұлдыздар отбасы" республикалық жастар журналының №9 (292) 1- 15 мамыр 2019 жылғы кезекті санын ұсынып отырмыз. Журналдағы "Аңыз адам" бетінің - 136 бетінде қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова жайлы жан-жақты әңгімеленеді. Сонымен қатар, Әлияның туысы Сапураға жазған хаттарынан үзінді де осы журналда жазылған.
Журналмен бірге ҚР еңбек сіңірген әншісі Роза Рымбаева орындаған "Әдемі-ау" атты таңдаулы әндер жинағы енгізілген электронды диск та біздің құнды қорымызда сақтаулы. Бұл дискден халық қазынасына айналған батыр қызға арналған "Әлия" әні мен т.б. тамаша туындыларды тыңдай аласыздар.
Рымбаева Р. Әдемі-ау [Электрондық ресурс] : Таңдаулы әндер / Р. Рымбаева, 2003. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM)