Сарқылмас рухани қуат-қайнары, терең де көне дәстүрлері бар ірі мәдени орталық болып отырғанҚарағанды облысының "Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асырудаайтарлықтай өзіндік үлесі бар екені айқын.Бұған дәлел, "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында үш тілде жарық көрген"Сарыарқаның мәдениеті және өнері" атты көрнекті альбомы. Мұнда, ежелден таланттардың қайнар көзі саналған, Сарыарқа жерінің түкпір-түкпірінен шыққан мәдениет пен өнер қайраткерлерінің алғашқы шығармашылық қадамдары туралы егжей-тегжейлі қарастырылған.

Қарағанды облысының бүгінгі таңдағы атақты музыка өнерпаздарының (әншілер, бишілер, композиторлар, режиссерлер,дирижерлер,балетмейстерлер,хормейстерлер) өмірі мен шығармашылық жолдарында жеткен жетістіктері мен бағындырған шыңдарыжетерлік.Олай болса, берер ғибраты мол көрнекті альбом сайын дала Сарыарқамыздың ең құнды асыл мұраларының бірі саналады.

Сонымен қатар ән-күй өнерін қадірлеген  қауымның назарына"Ән мен күйдің өлкесі" атты үнтаспалар жинағын ұсынамыз. Мұнда өлкеміздің сұлулығын жырлайтын әсем әндер мен өнерпаздарымыздың орындауындағы әсерлі де әуезді музыка жинақталған. Бұл жинақ"Әнімсің, арайлы өлкем..","Әсем ән мен тәтті күй төгілгенде...","Степныенапевы" атты үш үнтаспадан тұрады.     Атап айтар болсақ, "Әнімсің, арайлы өлкем.." үнтаспасына облысымыздан шыққан дарынды өнер қайраткерлеріміздің "Қарағанды вальсі", "Қарағанды – менің қалам", "Сарыарқам менің", "Жаңаарқа"сынды жаныңа шуақ сыйлайтынәндер бар. Ал"Әсем ән мен тәтті күй төгілгенде..." және "Степныенапевы"үнтаспаларына халқымыздың кең даласынан сыр шертетін танымал күйшілеріміздің күйлері, оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын "Сағындым Сарыарқам", "Дала", "Сарыжайлау"сияқты көптеген әуендері енгізілген.

Талай ғасырларға куә болған халқымыздың асыл мұрасын бүгінгі өскелең ұрпақтың кәдесіне жарату – алдымызда тұрған басты мақсатымыз.Ендеше, құнды жәдігерлеріміз саналатын "Сарыарқаның мәдениеті және өнері"аттыкөрнекті альбомы мен "Ән мен күйдің өлкесі"аттыүнтаспаларымен танысуға асығыңыздар!

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі өнерсүйер оқырмандарын асыға күтеді!

Сарыарқаның мәдениеті және өнері [Мәтін] = Культура и искусство Сарыарки = Culture and Art of Saryarka : фотоальбом. - Қарағанды : Эдельвейс, 2010. - 279 б

 

 

 

 

Ән мен күйдің өлкесі [Электрондық ресурс]. - [Карағанды?] : [б.ж.], [ж.ж.]. - Қарағанды облысына - 70  жыл. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM)