Құрметті оқырман!
ҚР Суретшілер одағының мүшесі, "Мәдениет саласының үздігі", "Жақсы шығармашылығы үшін" медалінің иегері Рахман Айбекұлы Бертілеудің шығармашылық еңбек жолын қамтитын, суретшінің көпжылдық еңбектері енген "Санадағы ағыс" атты альбом мен Қазақстандағы белгілі суретші Қадырбек Каметовтың графикалық жұмыстары, жалпы шығармашылығы қамтылған "Өмір мен табиғат үндестігі" атты кітап"Өнер туралы әдебиеттер бөлімі" қорын толықтырды.Аталмыш екі басылымда суретшілердің әртүрлі өнер саласынан еңбектері берілген.
"Санадағы ағыс" альбомынан Рахман Бертілеудің әр жылдары салған акварельдік және графикалық суреттерімен таныса аласыздар. Табиғатты, әлемді, тылсым дүниені ерекше сезіммен түйсініп, нәзік перделермен береді. "Байлаулы тұрған боталар", "Баянауыл таулары", "Күзгі қайыңдар", "Оқу шаруашылық аймағы", "Жеке үй", "Кеген таулары", "Көл жағасындағы Али саяжайы", "Бұлтты күн", "Үлкен Алматы өзені", "Жаркент", "Алатау шыңы" атты туындылары табиғатты сол сәтінде көз алдымызға әкеледі. Ал, "Өзбекстан. Ескі қала", "Өзбекстан. Арбаға жегілген ат", "Керуен сапары", "Ұлықбек медресесі", "Демалыс", "Жекпе-жек", "Жолға шығу" атты суреттер Шығыс халқының сыршыл өмірінен сыр шертеді. Рахман Бертілеудің графикалық туындылары өз алдына жеке бір талдауға өзек болады. Графиктің бұл жұмыстарынан салған нәрсесінің бәрін жан-тәнімен сезінгенін байқаймыз. Суреттері арқылы экология түйткілдері, адамның табиғатқа тигізген залалы туралы айтады. "Әзірше біз шарасызбыз", "Әлемді бағындырғандар", "Құлдырау", "Клондау", "Періштелер мен келімсектер" атты туындылары сөзімізге дәлел. Рахман Айбекұлының басқа да көптеген қызықты суреттері альбомға енген. Ең ұтымдысы – альбомды парақтап қарап, суретшінің айтқысы келген сезім перделерін басып көру. Келіңіздер, өнер әлеміндегі құбылыстармен танысыңыздар!
"Өмір мен табиғат үндестігі"атты альбом Қадырбек Каметовтың суреттеріне арналған. Әр жылдары салынған графикалық жұмыстары – литография, линогравюра және майлы бояумен жасалған еңбектерімен осы кітаптан таныса аласыздар. Кітап 5 бөлімнен тұрады. "Литография" бөлімінен "Дала әуендері", "Дала түні", "Тұсаукесер", "Балалық шақ. Естеліктер" үштағаны: "Таң", "Талтүс", "Кеш" еңбектері, "Тылдағы Қазақстан әйелдері" сериясынан: "Шығарып салу", "Майданнан хат", "Күту", "Жесір" еңбектері, сондай-ақ, "Менің халқымның тарихы" сериясынан: "Соғыс", "Бейбітшілік", "Қазіргі заман", "Қайта жаңғыру", "Ұлы жорық" суреттерін көре аласыздар. Қадырбек Каметов Абай өлеңдеріне, С. Торайғыров өлеңдеріне, М. Әуезов әңгімелерінің желісімен иллюстрация жасаған. "Оспанның портреті", "Домбыралы әйел", "Түнгі ұйқыға дайындық", "Немере мен әже", "Жігіт бейнесі", "Қыз келбеті", "Қазақтың бейнесі", "С. Торайғыров портреті", "Кедей", "Аза", "Қаралы сұлу", "Жетім", "Көксерек", т.б. еңбектері осы кітапқа енгізілді. Ал, "Линогравюралар" бөлімінде "Киіз үйде" сериясынан "Таң", "Талтүс", "Түнгі ұйқыға дайындық" туындылары, "Түркілердің келбеті" сериясынан "Ойшылдың басы", "Көшпенді", "Ақсақалдың басы" туындыларымен және Саади өлеңдеріне жазған иллюстрациялармен таныса аласыздар."Бірегей графика"бөлімінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" эпосынан, "Тойда" сериясынан суреттер, "Амазонка", "Сақтардың көсемі" суреттері және М. Мағауиннің "Қобыз сарыны" кітабына, Ш.Айтматов пен М. Шахановтың "Құз үстіндегі аңшы мұңы" кітабына иллюстрациялар енгізілген. "Акварельдер" бөлімінде "Көшпенділер", "Түркілер", "Аттылы көшпенді қыз" сынды суреттер бар. Ал, "Майлы бояу" бөлімі "Күн сәулесі түскен аула", "Көк бұлақ", "Көктем", "Таулар пейзажы", "Менің замандастарым", "Орындық натюрморты", "Гүлдермен натюрморт" суреттерімен аяқталады. Суретшінің әр туындысы тарихтан сыр шертеді. Көшпенділер тарихын, мәдениетін, замандастар келбетін, табиғат – барлық тақырыпта қылқалам ұстаған. Әр суреті белгілі тақырыпты баяндайды, ой қозғайды. Ендеше, суретті альбоммен танысуға асығыңыздар!
Құрметті оқырман, өнерсүйер қауым, мәдениеттанушылар, аталмыш кітаптар Сіздердің білім кеңістіктеріңізді кеңейте түсері хақ. Суретшілердің еңбектерімен таныс болыңыздар.
"Өнер туралы әдебиеттер бөлімі" Сіздерге интерактивтік өнер әлемінендисктертізімін ұсынады. Атақты суретшілердің еңбектерімен диск арқылы сурет әлемінесаяхат жасауға мүмкіндік бар. Классикалық туындыға айналған еңбектер мен туындылар ғасырдан-ғасырға жете бермек. Оны білу, тану, көру білімімізді арттыра түспек! Ендеше, Сіздерді асыға күтеміз, құрметті оқырман!
Атақты суретшілердің еңбектері келесі дисктерде:
5000 шедевров рисунка [Электронный ресурс] : русская версия одного из крупнейших электронных собраний рисунка издательства YorckProjec, Германия. - М. : ООО "ДиректМедиаПаблишинг", 2003. - 1 эл. опт.диск (CD-ROM). - (Электронная б-ка)
5555 шедевров мировой живописи [Электронный ресурс]. - М. : ДиректМедиаПаблишинг, 2004. - 1 эл. опт.диск (CD-ROM). - Систем.требования: ІBM PS 486 и выше, 16 RAM, CD-ROM, SVGA, Wіndows.
Всемирная история живописи [Электронный ресурс] : 10 серий по 30 минут на 3 дисках. - М. : Союз Видео, 2004 - . Диск 1, серия 1-4. Диск 2, серия 5-7. Диск 3, серия 8-10. - 3 электрон.опт. диска эл. опт. диск (CD-ROM). - (BBC.DVD коллекция).
История живописи в шедеврах [Электронный ресурс]. - М. :АстраМедиа. - Систем.требования: ОС: Windows 98/2000/XP, процессор: Intel/AMD 550 Мгц. Оперативная память 128 Мб браузер МС Интернет Эксплорер 5.0. - Т 1. - 2007. - 1 эл. опт.диск (CD-ROM).