Кітапханада «Көңілден көкала үйрек хош деп ұшты...» жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.
Кітап қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орны бар дүлдүл ақын, ХІХ ғасырда ерекше дамыған айтыс өнерінің ақтаңгері Кемпірбай Бөгенбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған.
Жиынды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің тарих факультеті, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессор ассисенті, PhD докторы Нұртас Смағұлов жүргізді.
Кітапты құрастыруда Кемпірбай Бөгенбайұлының шығармашылығы жайында мәліметтердің жинақтау мақсатымен кітапты құрастырушы журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Ермек Балташұлы оқырман қауымға әңгімелеп берді.
Бұл кітап келушілердің назарын аударды. Сөз кезегін алған мемлекеттік қызметтің ардагері Т. Камалиев, Қазақстан Журналистер одағының мүшелері, ардагер журналистер А. Смағұлова, Р. Смағұлов, Ж. Белгібаев, Н.Асқар кітаптың көркемдік шеберлігі, ел аузынан жеткен деректері бүгінгі қоғаммен үндестігі туралы өз ойларын ортаға салды. Ермек Балташұлының еңбегіне жоғары баға берді. Бұдан кейін Т. Камалиев пен А. Смағұлова салтанатты түрде кітаптың лентасын қиды. Әсерлі кеш Көктал ауылдық музыка мектебінің мұғалімі Қуандық Төкеновтің орындауындағы әнмен жалғасты.
Е.Балташұлы аталмыш кітапты сыйға тартып, кітапхана ұжымына алғысын білдірді.
Өлкетану әдебиеттері бөлімінің басшысы С.О. Телпекбаева