«Ой-орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің 100 жылдық мерейтойына арналды.

Іс-шара Е.А.Бөкетов атындағы мемориалдық мұражайда өтті.

Іс-шараға тарихшы ғалымдар, студенттер және музей қызметкерлері қатысты.

«Есімі қалды мәңгілік» атты кездесу шымылдығын ашқан «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, тарихшы-ғалым Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекова ғалымның адамгершілік қасиеттері, ұстаздық жолы және оның шәкірттеріне қалдырған өсиеттері жайлы қызықты естеліктерімен бөлісті.

Толығырақ...

"Кітапханалық-ақпараттық салаға ЖИ-технологияларды енгізу"

Атты гибрид форматта халықаралық семинар

28 ақпанда "Террикон алқабы" IT-hub базасында гибрид форматта "Кітапханалық-ақпараттық салаға ЖИ-технологияларды енгізу" атты халықаралық семинар өтеді.

Семинарды Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырады.

Семинардың мақсаты:

  • жасанды интеллект арқылы кітапхананы заманауи үлгіде дамыту мәселелері қарастырылып, жасанды интеллектті қолданудың тәсілдері мен қолданыстағы практикалық тәжірибелермен бөлісу,
  • халықаралық және өңіраралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту.

Семинар спикерлері жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар және Maqsut Narikbayev   University,  Жастарға арналған Ресей мемлекеттік кітапханасы (Мәскеу қ.), А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана және Өскемен қ. Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханасы (ШҚО) өкілдері.

Семинарға облыс кітапханаларының мамандары қатысады.

Бағдарлама

Кітапханада белгілі жазушы Серік Сағынтайдың «Жауырыншы» өлеңдер жинағы мен «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары»  бағыты бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген «Қазақия… Сиберия…» атты зерттеу кітаптарының таныстырылымы өтті.

Ашық диалог бағытында өткен әдеби жиынның тізгінін ұстаған прозаик, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерзат Ермағанбет өткізіліп отырған әдеби шараның маңыздылығын ортаға салып, С. Сағынтайдың шығармашылығына қысқаша жасап, ақын жырларының өзіндік ерекшеліктері жайлы сөз қозғады.

Таныстырылым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахметтің С. Сағынтайдың шығармашылығына табыс тілеп,Архив құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Р.Әлидің құттықтау хатын табыстады. Сонымен бірге Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Өнер және мәдениет бөлімінің басшысы М. Қаратай Серік Сағынтайға Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатын табыстады.

Сөз кезегін алған жазушы  Серік Сағынтай өзінің зерттеу кітабының мазмұны мен зерттеудің негізгі бағыттары жайлы ойын ортаға салып,  оқырман сауалына жауап берді.

Толығырақ...

Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек, өзгені де тану үшін кітап керек демекші, жуырда ғана шығармашылық кештері өткен ақындарымыздың кітаптары кітапханамызға сыйға тартылды.

Таныс болыңыздар:

ҚР Мәдениет қайраткері, филолог-ғалым Қойлыбай Асанның «Бозторғай өлең, боз дала» атты мерейтойлық жинағы. Бұл кітаптан автордың кейінгі жылдары жазылған өлеңдері мен күнделік жазбаларын оқи аласыздар.

Жырау, жыршы, суырып салма өнердің хас шебері айтыскер ақын Тілеген Әділовтің «Тарланкөк», «Жалғыз досым бар менің» туындыларында

ақынның жаңа бір қырын танытатын, поэзия әлемінде ешкімге ұқсамайтын жыраулық сарындағы тың туындылары жинақталған. Сонымен бірге бірнеше айтыстарында оқи аласыздар.

Көпшілік оқырманға арналған кітаптарды оқуға асығайық!

Мақсаты: қазақ ақын-жазушыларының және әлем әдебиеті шығармаларын талдауға, жастарды сөйлеу мәдениетіне, өз пікірін ашық айтып, өз көзқарасын дәлелдей білуге баулу, әдебиетке деген таным-біліктілігін шыңдау.

Аталмыш шараға Қарағанды жоғары гуманитарлық  колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында қатысушылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасын талқылап, ойларын ортаға салды. Соғыстан кейінгі Ербол мен Меңтайдың махаббаты, тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, туралы түсіндіре отырып, романның танымдық және тәрбиелік маңызын, көркемдік құндылығын атап көрсетті. Махаббаттың құндылығы және оның әрбір адам баласының өмірінде қаншалықты маңызға ие екендігі туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті. Оқырмандарға «Махаббат қызық мол жылдар» атты сериалдан  үзінді ұсынылды.

Толығырақ...