Н.В.Гоголь атындағыҚарағанды ОӘҒК
кітапханаларды дамыту бөлімі
«Microsoft Wоrd бағдарламасында жұмыс істеу»
Компьютер туралы түсінік
Дербес компьютерлердің түрлері көп болғанымен, барлық жинаққа бірдей Қондырғылар (устройствалар) кіреді. Компьютердің барлық негізгі қондырғыларды енгізетін және ақпаратты енгізіп-шығарудың барлық басты қондырғыларына қосылған орталық бөлігі Жүйелік блок деп аталады. Жүйелік блоктың алдыңғы жағында екі басты батырмалар (кнопка) орналасқан: Rower және Reset. Rower – бұл батырманың көмегімен компьютерді қосуға және жұмыс аяқталғанда өшіруге болады. Reset – бұл батырма компьютер берілген командаларды орындамағанда, жұмысында қате кеткенде компьютерді қайтадан қайта қосуға арналған. Ескі компьютерлерде (286,386,486 процессорлы) Turbo кнопкасы бар, бұл кнопканы басу компьютердің жұмысын жеделдетуге немесе бәсеңдетуге мүмкіндік береді. Қазіргі Pentium Pentium 4 процессорлы компьютерлерде ол жоқ. Дисковод – ақпаратты алмастыратын тасымалдаушылармен жұмыс істейтін қондырғылар. Жылжымалы (ЛОТКОМ) – бұл СД-ROM немесе DVD дисковод, ол компакт дискілермен жұмыс істеуге арналған. Компьютердің артқы жағында ішкі қондырғыларды қосуға арналған ұялар мен разьемдар орналасқан. Монитор – бұл компьютер экраны. Принтер – компьютерде терілге ақпаратты басып шығарады. Бүріккіш және лазерлік болып бөлінеді. Сканер – бейнені цифрлық, компьютерлік түрге ауыстыруға мүмкіндік береді. Сканер мәтінді анықтап тануға, яғни кітаптан сканерленген бейнені сурет форматынан мәтін форматына ауыстыруға мүмкіндік береді. Перне тақта – ақпаратты еггізу мен басқару қондырғысы. Қазіргі пернелер бір корпусқа біріктірілген пернелерден тұрады. Барлық пернелер: әріптік-сандық және функционалдық болып бөлінеді. Әріптік-сандық пернелер ақпаратты енгізуге арналған. Әр пернені басу арқылы экранға сан немес әріп шығаруға болады. Әріптік пернелер орыс, қазақ, ағылшын режимінде жұмыс істейді. Функционалдық пернелер компьютерге қандай да бір операцияны орындауға жіберу үшін арналған.