Ұсынамыз:
Зерделеу:
- I. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 ж. 10-маусымдағы №6-106 Қазақстан Республикасының заңы (2009ж.10.07. берілген өзгерістері және толықтыруларымен);
- 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы(2008ж.24.12. берілген өзгерістерімен) және заңды құжаттар аясында құжаттарды цифрлауды жүзеге асыру;
II. Жергілікті жерде құжаттарды цифрлау бойынша бағдарламаларды қарап шығу, мақсаттарды, тапсырмаларды, құжаттарды цифрлау бағыттарын анықтау, толықмәтінді құжаттарды құрастыру;
III. Құжаттарды цифрлау.
Сканерлеуге дайындық.
Кітапхана қорынан цифрлық топтама тақырыбының талаптары мен цифрлық көшірмелерді жасау үшін қолданудың барлық заңдық жақтарына (авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңдар) жауап беретін әдебиеттерді (ақпараттық дереккөздерді) іріктеу.