Ұлытау ОКЖ ауылдық кітапханалары туралы анықтама

21.08.2012ж - 23.08.2012ж.

Қарағанды облысының ауылдық кітапханаларының облыстық байқауы аясында Қарағанды облысының мәдениет басқармасының бас маманы А.С.Шаймұханбетова мен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК «Кітапханаларды дамыту бөлімінің» меңгерушісі Ф.Х.Тимершина Ұлытау ОКЖ болып қайтты. Ұлытау ОКЖ 10 құрылымдық бөлімшелері қаралды: ОАК, Сарысу, Борсеңгір, Сарысу, Мибұлақ, Қарсақбай, Қаракеңгір, Аманкелді, Байқоңыр, Пионер ауылдық кітапханалары және Жезді қалашық кітапханасы, оның ішінде 3 үлгілі кітапханалар - Аманкелді, Жезді, ОК.

Аудан бойынша кітапхана торабы 17 кітапхананы құрайды, оның ішінде 4 үлгілі кітапхана бар (Жезді, Аманкелді, Алғабас, ОК).

Соңғы 8 жыл ішінде аудандық бюджеттен бір де бір үлгілі кітапхана ашылмаған. Осы уақытта Бұқаржырау ауданында 22 үлгілі (жүйеде 40 кітапхана) бар. Абай ауданында – 12 (жүйе - 13), Шет ауданында 9 (жүйе - 30 кітапхана). Нұра ауданында –9 (жүйе - 35), Қарқаралы ауданында -11 (жүйе - 45) және Жаңаарқа ауданында - 9 (жүйе - 24). В Ақтоғай ауданында - 5 (жүйеде 19 кітапхана). Осакаров ауданында -7 (жүйе – 34).

Алдағы уақытта үлгілі кітапханалар ашу мүмкіндігі бар.

Полный текст

Ай кітабы