Ақтоғай ауданының ауылдық кітапханалары туралы анықтама
14-16 мамыр 2012ж.
Қарағанды облысының ауылдық кітапханаларының облыстық байқауы аясында Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК директоры Д.Б.Аманжолова мен кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ф.Х.Тимершина 7 кітапханада іс-сапармен болып қайтты.
Ақтоғай ауданының аймағында 18502 мың адам тұрады, 19 мемлекеттік кітапхана бар, оның ішінде – ауылдық – 17, аудандық – 2. Үлгілі кітапхана статусына 5 кітапхана ие.
Барлық кітапханалар бейімделген ғимаратта орналасқан. Әкімшілік ғимаратында – 13, мәдениет үйінде немесе клубта - 4, басқа орналасу – 2.
01.01.2012ж. Ақтоғай ауданының кітап қоры 296581 дананы құрайды, мемлекеттік тілде - 136393 дана. Электрондық басылымдар қоры – 225.
2011 жылы кітап қорын толықтыруға 3497 бөлінді, оның ішінде кітаптарға - 1772,9 және мерзімді басылымдарға жазылуға - 1724,2.
Жаңа әдебиеттердің түсімі бюджеттік қаржыландыру аясында, облыстық мәдениет басқармасынан мемлекеттік тапсырыспен, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК жүзеге асырылады. 2011ж. кітапханаға келушілердің әрқайсысы орташа алғанда 76547,43 қаржыландырылды, бұл 2010ж. (72547,29) қарағанда 4000 теңгеге артық.