Сарыарқа төріндегі кеншілер шаһарының іргетасы қаланғанына бүгінде  90 жыл толып отыр! Осыған орай кітапханамызда «Ән-жырым саған, Қарағанды!» атты арт-кездесу өтті. 

Кешіміздің басты мақсаты: Сарыарқаның іргелі рухани орталықтарының бірі ретінде жас ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу, Халқымыздың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Кеш қонақтары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, КСРО жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Қарағанды қаласының «Құрметті азаматы» Ақтоғай және Қарқаралы аудандарының «Құрметті азаматы» С. Ақсұңқарұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры, композитор Е. Әміров өз шығармашылық жолы жайында бөлісіп, сондай-ақ, қаламызға арналып жарық көрген әндерімен бірге сазы да назы да жүректі бірден жаулап алар туындыларынан үзінді тыңдатып, «Қарағанды вальсі» әнінің шығу тарихы туралы баяндады. 

«Жыр-жауһар» шығармашылық орталығының мүшесі Хасен Камшат қаламыз жайлы жазған «Қарағанды – сағыныштың қаласы», «Бейбітшілік гүлзарында» атты жауһар жырларымен бөлісті.

Шара барысында «Қарақат» мектеп студиясының «Самырұқ» ансамблі «Ер тұран» күйін орындаса, «Қыздар-ай» тобы халық әні «Ақ жайнақ» әнімен шашу шашты. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің музыкалық білім беру бөлімінің студенттері «Қарағанды вальсі» әнін нақышына келтіре орындап көрерменнің көзайымына айналды.

Кітапханамыздың серіктестерінің бірі Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің 2 курс студенті Макашев Науан «Туған жер тұғырың» атты әдеби-танымдық викторина ойнатты. Белсенділік танытқан оқырмандарға Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітаптар мен сыйлықтар табысталды.

Ай кітабы