Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері коворкинг орталығында мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Жолдауын талқылады. Кітапхана басшысы Аманжолова Дина Базарбайқызы Жолдаудың негізгі бағыттары туралы түсіндірме сөз сөйледі. Ол Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы біздің қарапайым азаматтардың бойында әрдайым эмоцияның толқынын, үміт пен әрекетке деген құлшынысын тудыратынын айтты. Биыл біз Мемлекет басшысының Жолдауын ерекше тағатсыздана күттік. Пандемиядан кейінгі қиын кезеңде еліміз қалай дамиды? Ертең бізді не күтіп тұр, лайықты өмір сүруге мүмкіндік бола ма, мемлекеттің алдағы жылдардағы әлеуметтік саясаты қандай болмақ – осы және басқа да көптеген сауалдарға Президент Жолдауында жауап берді.

 

Президенттің Жолдауы үмітімізді ақтады. Мемлекет басшысы елді одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар нақты бастамалар көтеріп, жаңа экономикалық бағытты жария етті.

Аманжолова Д.Б. Мемлекет басшысының жаңа бастамаларына қысқаша тоқталып өтті:

  1. Мемлекет экономикалық еркіндікті толық қолдай отырып, сонымен бірге азаматтарды нарықтың шектен тыс ауытқуынан табанды түрде қорғайды.
  2. Жаңа экономикалық бағыттың басым бағыттарының бірі ұлттық табысты әділ бөлу болмақ.
  3. Сәулет-құрылыс қызметінің тиімділігі үшін Президент тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысын қабылдауды ұсынып отыр.
  4. Мемлекет басшысы «Халық – еліміздің басты құндылығы. Сондықтан ұлттық байлықты әділ бөлу және әрбір азаматқа тең мүмкіндіктер беру – реформаларымыздың басты мақсаты» .
  5. Мемлекет басшысы «ең төменгі жалақы деңгейін 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді».
  6. Азаматтардың өтініштеріне орай Мемлекет басшысы: «Кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін 61 жас етіп белгілеу» туралы шешім қабылдады.

Жолдауда ана мен баланы қорғаудың жаңа бастамалары жарияланды:

  • «Біз 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайтамыз. Балалардың ең маңызды шағында - сәби кезінде ата- аналары жанында көбірек болады».
  • Сондықтан мен жариялаған «Балалар жылы» аясында «Ұлттық қор балаларға» қағидаты бойынша жаңа бағдарламаны іске қосу өте маңызды деп санаймын.
  • «Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балаларды 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына аударуды ұсынамын».
  • Бұл өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, пікірталасқа кітапхананың ғылыми хатшысы Пак Валентина Иосифовна қатысып, жиналғандарға Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы тарихи маңызы зор құжат екенін, осы құжатқа сәйкес еліміздің барлық сыртқы және ішкі саясаты қалыптасатынын айтты.

Ол, әсіресе, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, халықтың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру міндеттері қойылған соңғы жылдардағы Жолдауларға тоқталды.

Одан әрі кітапхананың жас қызметкері Ерасыл Мекежанов кезектен тыс президенттік сайлау, арнайы шоттардағы жинақтардың инфляциясы және т.б. сұрақтарымен пікір алмасты.

 

Ғылыми хатшы
Пак В.И

Ай кітабы